Осыдан кейін сотқа сеніп көр...
Түркістан облысында тағы бір судья парамен ұсталды. Тағы дейтінсебебіміз осыдан үш ай бұрын облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегіапелляциялық алқасының судьясы ұсталған еді.
Енді, міне, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасыныңтөрағасы Түгел Бекімбетовтің құрықталғаны жөнінде ақпарат тарады.
Апелляциялық алқаға кез келген судьяның мүше бола алмайтыны бесенеденбелгілі. Істі болған екі судья сотсаласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар, қара қылды қақ жарады, әділдіктің туын тік ұстайды деп сенімбілдірілген азаматтар. Таңдаулылардың өздері пара алып тәспісінен жаңылыпжатса, басқалары туралы не айтуғаболады?! Осыдан кейін соттардың бейтараптылығы, әділдігі, тәуелсіздігі туралысөз қозғаудың жөні бар ма? Сотқа дегенелдің сенімі, құрметі қалыптаса ма?
Ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Түгел Бекімбетовті сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері құрықтаған. Алқа төрағасыазаматтық істі апелляциялық сатыда оңтайлы шешіп беру үшін кезекті рет 220 мыңтеңге пара алып жатқан жерінен қолға түскен. «Кезекті рет» деген сөзді қалайтүсінуге болады? Әлде 220 мың теңге параның бір бөлігі ғана ма? Жалпы,Т.Бекімбетовқа пара қалай берілген, қалай ұсталған, пара берушімен қандайкелісім жасалған, кінәсін мойындаған ба, жоқ па, бұл жағы әзірге жұмбақ болыптұр.
Түгел Бекбайұлы заң ғылымының докторы. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстаноблысы Кентау қалалық және Төлеби аудандық соттарының, Шымкент қаласы Абайаудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2015 жылы президент жарлығымен Оңтүстік Қазақстаноблыстық сотының (2018 жылдан бастап Түркістан облыстық сотының) азаматтықістер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалған. Яғни ол бақандайбес жыл бойы осындай жауапты орында отырып талай даулы істерге төрелік айтқан.Апелляциялық саты – аудандық соттардың шығарған шешімдеріне қатысты шағымдардықарап, судьялардың істеріне баға беретін орын. Бір сөзбен айтқанда, апелляциялық алқаға елбар үмітін арқалап келеді. Осындай үміт күткен алқаның төбебиі парағабылықса… Осыдан кейін сотқа сеніп көр. Айтпақшы, әріптестері Т.Бекімбетовті Ауғансоғысының ардагері ретінде де құрметтейтін.
Ескерте кетері, Түгел Бекімбетовтіңпарамен ұсталғаны туралы әзірге ресми орындар ешқандай ақпарат таратқан жоқ.Сонымен бірге жоққа да шығарылмады. Біз Түркістан облыстық сотынан мәселеніңмән-жайын білмек болған едік. Алайда баспасөз қызметімен байланысу мүмкін болмады. Бірақ кейбір азаматтарБекімбетовтің үйқамақта отырғанын мәлім етті.
Қаңтардың соңында Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының судьясы ӘшірбекРахымбаев пара алып жатқан жерінен ұсталды. Судьяны ұстау операциясын ұлттыққауіпсіздік комитеті жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіпжүргізді.
«Ә.Рахымбаев сотталушының жазасынжеңілдетуге заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. Ол Түркістан қаласында пара алу кезіндеұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақжасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу)» делінген осы жөніндегі ресми хабарламада.Кейбір мәліметтерге қарағанда, былтыр Ә.Рахымбаевтың 60 жасқа толуынабайланысты облыстық сотта салтанатты жиын өтіп, әріптестері оны мерейтойыменқұттықтаған екен. Сол жиында қызметтестерінің ақ тілегіне риза болған ол алдағыуақытта да қоғамның игілігі жолындағы әділдік тізгінін ұстаған күрделі дежауапты қызметті атқаруда аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуы мен тәуелсіздігіміздіңнығаюына өз үлесін қоса беретінін айтыпты.
Ұсталған судьяның кінәсін толықтай мойындап қойғанын жоғарыда келтірдік.Бұдан кейін оның қылмыстық жазаға тартылатынына күмәндануға болмайтын сияқты.Кеше ізгі тілек арнаған әріптестері енді оған айыптау үкімін шығаруы әбденмүмкін.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Түркістан облысы