Оқиғалар

Отандық өнімнің экспорттық әлеуеті қандай?

Қазақстан үшін экспорт көлемін арттыру ғана емес, оның құрылымын өзгертіп, шикізатқа тәуелділікті азайту маңызды.

Фото: ашық дереккөз

 Осы мақсатта мемлекет отандық экспорттаушыларға қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктерін ұсынып келеді.

Негізгі басымдық – өңделген, қосылған құны жоғары өнім өндіретін кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығуына жағдай жасау. Сонымен қатар былтыр іске қосылған QazTrade Alliance экспорттаушыларды маркетингтен бастап сертификаттау, логистика және шетелдік сатып алушыларды іздеуге дейін кешенді сүйемелдеуге бағытталған. Сондай-ақ кәсіпкерлерге шетелдік нарықтарды зерттеу, экспорттық акселерациядан өту, шетелдік серіктестермен B2B кездесулер ұйымдастыру және халықаралық маркетплейстерге шығу бойынша көмек көрсетіледі.

Мемлекеттік қолдаудың басты мақсаты – шикізат экспортына тәуелділікті азайтып, дайын әрі қосылған құны жоғары қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтағы үлесін арттыру. Осы ретте экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып отыр.

Жігер Әшім 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Отандық өнім