Баған

Отанды емес, олжасын ойлапты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы және Түркістан облыстарында20-дан астам кеден қызметкерін тұтқындады.

Jasalash.kz

Бұл жайында комитеттің фейсбукәлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында арнайы операциядан бейнематериалжарияланды.

Оқиға былай болған. Қонысбаев атындағы және «Қалжат»,«Нұр жолы» кеден бекеттеріндегі қызметкерлер аз ғана уақыттың ішінде бірнешемың доллар мен миллиондаған теңге пара жинап алған. Олардың жұмыс орнын тексерубарысында жүздеген мың орыс рублі мен қырғыз сомы табылған.

Қазір күдіктілер түгел тұтқындалып, қылмыстық ісқозғалды. 

Өкініштісі, еліміздегі кеден бекеттері ел қорғаны болараймақтар қатарына жатады. Нағыз елжанды азаматтардың бір бөлігі осы саладаістейді дегенге сенгің келеді. Бірақ Отанды емес, өз қалтасын ойлағанжатыпішерлердің азаймағаны өкінішті. Мынадай қиын-қыстау кезде шекараныкүзететін азаматтарымызға амалсыз күдікпен қарағандай боласың. «Бір қарын майдыбір құмалақ шірітеді» деген осы.

Естеріңізге сала кетсек, 1-сәуірден бастап Қытай, Ресей,Қырғызстанмен арадағы бірнеше пост-бекеттер жабылған болатын.

Тоқтар ЖАҚАШ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега