Оқиғалар

Отбасылық жанжалдан кейін ауыр психологиялық күйге түскен әйел өзіне және алты баласына зиян келтірмек болды

Алматы қаласында полицейлер жедел әрекет етіп, алты баласы бар отбасыда болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды.

Фото: полиция

Түнгі уақытта «102» арнасына Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде әйелдің өзіне және балаларына зиян келтіруі мүмкін екені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция, ювеналдық полиция инспекторлары, учаскелік полиция қызметкерлері мен медицина мамандары дереу жеткен. Белгілі болғандай, әйел отбасылық жанжалдан кейін ауыр психологиялық күйде болған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдымен әйелмен сөйлесіп, оны сабырға шақырған. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Қазіргі уақытта отбасыға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Жұмысқа психологтар, мемлекеттік органдардың мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылып, әйелге жан-жақты әлеуметтік әрі психологиялық қолдау ұйымдастырылған.

Сайт Әкімшілігі