Саясат

Отқа оранған Сирия

2011жылы Сирияда Башар Асад үкіметі мен оппозиция арасында басталған қақтығыс басқаелдердің араласуымен одан сайын шиеленісе түсті.

Jasalash.kz

Сирияға қоса, Ирактағы үкіметтіңде әлсіздігін пайдаланған лаңкестер 2014 жылы Ирак Шам Ислам Мемлекетінжариялады. Бұл жайт Сириядағы жағдайды одан сайын ушықтырды. Дегенмен 2015 жылыРесейдің Асад жағында соғысқа араласуы және 2017 жылы Түркия, Ресей және Иранныңкепілдігімен Астана үдерісінің басталуы Сириядағы жағдайдың біршама тұрақтануынасебеп болды. Үдеріс барысында құрылған қақтығысты азайту аймақтарында соғыс тоқтап,бейбіт өмір қалпына келе бастаған еді.

    Алайда 2020 жылдың басынан бастап БашарАсадтың қақтығысты азайту аймақтарының ең соңғысы болып табылатын Идлиб аймағынашабуылын үдетуі Түркия мен Сирия арасында қақтығыс ықтималдығын арттырып отыр. 27ақпан күні Асад күштерінің шабуылынан 33 түрік әскерінің қаза табуынабайланысты Түркия Идлиб аймағын толықтай өз бақылауына алу мақсатында «Көктем қалқаны»әскери операциясын бастады. Осы жағдайларды ескере отырып, Сирия дағдарысындағытараптардың ұстанымдарына талдау жасауымыздың қажеттілігі туындап отыр.

      Сирия қақтығысын сараптау үшінең алдымен бұл елдің аймақтық және әлемдік геосаясаттағы маңыздылығына назараударуымыз керек. Әлемдік геосаясатта Сирия НАТО мүшесі Түркия мен АҚШ-тың аймақтағыодақтасы Израильдің арасында орналасқан. Осындай географиялық орналасуынабайланысты қырғиқабақ соғысы кезінде Сирия Кеңес Одағының серіктесіне айналды.Ал қырғиқабақ соғысы аяқталғаннан кейін Ресей мен Сирия арасындағы ынтымақтастықжалғаса берді. Мәскеу үшін әсіресе Тартус портындағы әскери базаның маңыздылығызор болып табылады. Бұл база Ресейдің Жерорта теңізіндегі жалғыз базасы екенінескеруіміз керек. Басқаша айтқанда, Ресей аймақтағы АҚШ-тың ықпалына тепе-теңдікқалыптастыру үшін геосаяси тұрғыдан Сирияға қолдау көрсетуге міндетті.

     АҚШ тұрғысынан қарағанда, Сирия әлемдікдеңгейде тек Ресеймен бәсекелестік шеңберінде ғана емес, аймақтық геосаясаттаИзраильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан да өзекті. Сирияның Голан төбелерінбасып алған Израиль үшін Ирак сияқты Сирияның да бөлшектеніп кеткені керек. Осыжағдайға байланысты АҚШ Сириядағы ішкі соғыста заңды түрде оппозицияны қолдады.

Врезка

 Бір қызығы, 2011 жылы басталған «Араб көктемі»,негізінен, Ресеймен жақын қатынас орнатып жатқан Ливия, Сирия және Мысыр сияқтыелдерде бой көрсетті. Ал Сауд Арабиясы немесе Парсы шығанағындағы АҚШ-тың одақтаселдерінде «көктем» жүзеге аспады. Қысқасы, әлемдік геосаясатта Сирияның Мәскеумен Вашингтон үшін маңыздылығына байланысты бұл қақтығыс ұзаққа созылды.

    АҚШ демократия мен адам құқықтарын желеу етіп әубастан оппозиция жағын қолдаса, Ресей Асад үкіметін қолдады. Ал 2015 жылданбастап Ресей Сирияға өз әскерін кіргізді. АҚШ пен Ресейдің текетіресі жағдайындағыәлемдік геосаясатқа қоса, аймақтық геосаясаттың күрделі жағдайы Сирия дағдарысынатеріс ықпал етуде. Бұл жерде ең маңызды рөлді Түркия ойнап отыр. «Екі ұйықты әлемдіктәртіпте» Түркия мен Сирия жау болатын. Алайда қырғиқабақ соғыс біткеннен кейін,1998 жылдан бастап Анкара мен Шамның қатынасы түзеле бастады. Ал 2002 жылы Ердоғанбилікке келгеннен кейін екі жақтың ынтымақтастығы одан әрі тереңдеп дами түсті.Алайда 2011 жылы Сирияда ішкі соғыс басталғанда Ердоған Асадпен барлық қатынасынүзіп, оппозицияны қолдады. Бұның бірнеше себебі бар еді.

    Біріншіден, Анкара Сирияда тезарада билік ауысады деп есептеді. Өйткені Асадқа қарағанда әлдеқайда күштіболып саналатын Мысырдағы Хүснү Мүбарак және Ливиядағы Муаммар Каддафи де халықтыңнаразылығына қарсы тұра алмаған болатын. Билік ауысқан жағдайда Түркия жаңабиліктің жанында болуды есептеді. Екіншіден, Ердоғанның партиясы демократия менадам құқықтарын қолдағанын көрсеткісі келді. Бұл саясат Анкараның Еуропа одағынамүшелігі шеңберінде жүргізіп отырған реформалармен де үйлесетін. Басқаша айтқанда,Ердоған демократия ұғымын қолдау арқылы оппозицияларға үлгі болуды және сол арқылыаймақтағы өз ықпалын арттыруды көздеді. Үшіншіден, Ердоған партиясының мұсылмандықболмысы сүнниттік мұсылмандарды қолдауды заңды шешім деп есептеді. Өйткені Асаджәне оның жақтастары исламның шииттік түсінігіне жақын алавиттер болса, халықтың80 пайызына жақыны сүннит мұсылмандар болып табылады. Басқаша айтқанда, билік –алавит, ал халық – сүннит. Бұл саясат Анкара мен Шам қатынасының түбегейлі үзілуінесебеп болды. Түркия үшін енді Асад өз халқына оқ атқан заңсыз билікке айналды.

     Сирия қақтығысындағы Иранның даорнын ерекше атап өтуіміз керек. Шииттік ислам идеологиясына құрылған Иран үшінАсад заңды одақтасқа айналды. Түркия сүннит оппозицияны қолдаса, Иран шиит-алавитүкіметті қолдады. 2014 жылы ИШИМ-нің пайда болуы Сирия қақтығысының мазхабтықмазмұнын одан әрі тереңдетті. Иран Ислам Республикасының революция сақшылары,атап айтқанда Зейнебиюн және Фатемиюн жасақтары, Ирак пен Сирияда белсенді түрдесоғысқа кірді. ИШИМ жеңілгеннен кейін бұл жасақтар Асад үкіметінің ықпалды күшінеайналды. Ресей Асадқа әуе күштерімен қолдау көрсетсе, Иран құрлық әскерлерімен қолдады.

    Тегеран үшін Сирия ИранныңЖерорта теңізіне шығу стратегиясы тұрғысынан өзекті. Бұл стратегияның жүзегеасуы Иранның тек Парсы шығанағына бағыныштылығын азайтып қана қоймайды, соныменқатар бүкіл аймақтың Тегеран ықпалына енуіне жағдай жасайды. Иранның «Жерортакоридоры» Иранның теміржолы мен автожолдарын Ирак және Сирия арқылы Жерорта теңізінешығуын мүмкін қылады. Осы тұрғыдан қарағанда, Сирияда Иранға тілектес Асад үкіметініңбилікте болуы маңызды. Бұған қоса, Сирия аумағы Иранның Ливанмен қатынасы жәнеондағы Хизбуллаға қолдау жеткізу жағынан да қажетті болып табылады.

    Ресей мен Иранның үкімет жағындасоғысқа кіруі қақтығыстың беталысын өзгертті. Бұл жерде ауыртпалықтың барлығы Түркияғатүсті. Өйткені АҚШ пен Еуропа одағы Анкараны жалғыз тастап кетті. Біріншіден, Түркияға4 миллионға жуық босқын келді. Босқындарды Еуропаға өткізбегені үшін ЕО қомақтықаржылай қолдау көрсетемін десе де, сөзінде тұрмады. Екіншіден, АҚШ ТүркияныСирияда қолдаудың орнына аймақта күрд мемлекетін құру үшін қолынан келгеніністеді. Бұл жердегі Вашингтонның есебі аймақта өзіне бағынышты одақтас қалыптастыруеді. Себебі Түркия уақыт өткен сайын дербес саясат жүргізіп, АҚШ-тың мүдделерінетеріс қимылдар жасау ықтималдығы артты. Әсіресе Ердоғанның Палестина мәселесіндегіұстанымы америкалықтарға жақпады. Сондықтан, бір жағынан, Түркияны бақылауда ұстауүшін, екінші жағынан, аймақтағы қуыршақ одақтастарының санын арттыру үшін АҚШ Түркиятарапынан «лаңкес» болып саналатын күрд топтарын қаруландырып, оларға қолдау көрсетті.Бұған қарсы Түркия аймақта басқа шешімдер іздестіре бастады.

     2016 жылы Түркия мен Ресей қатынасыныңжөнделуі Сирияда жаңа бір ынтымақтастыққа негіз қалады. Осы орайда, 2017 жылдыңқаңтар айында Астана үдерісі Түркия, Ресей және Иран арасында ынтымақтастықтыдамытты. Үдеріске сай, Сириядағы «қамқоршы» елдердің статустары ресми түрдемойындалды. Мұнда Түркия, Ресей және Иранға «гарантор» сипаты берілді. Түркияпрезиденті Режеп Таип Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран президентіХасан Рухани Сириядағы қантөгісті тоқтатқан мемлекет басшылары ретінде үштіксаммиттер өткізе бастады.

   Алайда 2018 жылдың қыркүйек айындаТегеранда өткен үштік саммитте Астана үдерісінің Ресей мен Иран тарапынан уақытұту және Сириядағы Асадтың бақылауындағы жерлерді кеңейту мақсатында қолданғаныбелгілі болды. Өйткені саммиттің шешіміне сай, тараптар Идлибке шабуыл жасаудыжоспарлаған болатын. Басқаша айтқанда, Асадтың оппозициялық күштермен ымыраласуниеті жоқ екені әшкере болды. Бұл жерде Асад және оның қолдаушылары Ресей менИран ИШИМ-нен қашқан лаңкестердің де Идлибке шоғырлануын желеу ретінде қарастырды.

Вырезка

     Түркия тұрғысынан қарағанда, Астана үдерісіндеқол жеткізілген келісімдерге сай, оппозициялық күштер Сирияның басқа аймақтарынтастап, Идлибке жиналған болатын. Егер бұл аймақ та оппозицияның бақылауынан шығатынболса, онда Сирияның келешегінде оппозицияға орын берілмейді деген сөз. Өйткеніоппозицияның, басқаша айтқанда, Түркияның қолдап отырған топтарының Сирияныңболашағында үлес салмағы болуы үшін, ең алдымен, ол топтардың бақылауындабелгілі территория болуы керек. Дипломатиялық келіссөздер үстелінде уәждің ықпалдыболуы үшін аймақтағы үстемдіктің бекем болуы тиіс екендігі белгілі.

   Тегеран үштік саммитінен кейін ЕрдоғанИдлибке ұйымдастырғалы жатқан шабуылдың алдын алу үшін Путинмен Сочиде жолықты.Осы кездесуден кейін, 2018 жылғы  17 қыркүйектеРесей мен Түркия арасында Сочи меморандумына қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес,Ресей Асадтың аймаққа шабуылын тоқтатады. Ал Түркия жағы аймақты лаңкестердентазартады. Сонымен қатар Түркия Асад күштері мен оппозициялық күштердің қақтығысынболдырмау мақсатында Идлиб аймағында 12 бақылау постын орнатады. Сочимеморандумына сай, 2020 жылға дейін аймақта тұрақтылықты сақтап тұру мүмкінболды. Алайда түрік жағының Идлибті лаңкестерден тазарта алмауы Асад пен Ресейжағына аймаққа шабуыл жасауға негіз қалыптастырды.

     Ақпан айынан бастап үдей түскенАсад күштерінің шабуылынан түрік әскерлері қаза тауып жатыр. Бұл жағдай Астана үдерісініңде, Сочи меморандумының да іске аспағанын көрсетті. Анкара тұрғысынан Асадтыңшабуылдары және Ресейдің бұған рұқсат беруі Түркияның қауіпсіздігіне шабуылболып саналады. Мұның бірінші себебі Идлибте шоғырланған 4 миллион адам Түркияғабосқын ретінде бет алады. Осы жағдайға байланысты Анкара Түркиядағы босқындардыңЕуропаға өтуіне рұқсат беріп отыр. Бір-екі күннің ішінде Түркияның Грекияменарасындағы шекараға жиналған босқындардың саны жүз мыңнан асып түсті.

Вырезка

    Идлибтегі Асадтың шабуылын тоқтату, халықтыңқырылуына кедергі болу және ең бастысы, босқындардың Түркияға ағылуын тоқтату,яғни, атап айтқанда аймақтың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 28 ақпан күнітүрік қарулы күштері аймақта «Көктем қалқаны» атты әскери операция бастады. Осықадаммен Анкара Идлибті тікелей өз бақылауына алған болды.

   Қорыта айтқанда, Сирияның әлемдікжәне аймақтық геосаясаттағы маңыздылығы ондағы қақтығыстың шешілуіне негізгікедергі болып тұр. Ресейдің Асад үкіметінің құлауына рұқсат бермейтіні белгілі.Десе де, Мәскеу Асадтың Ресейге бағыныштылығын арттыру үшін Түркиямен соғысынакөз жұмып отыр.

    Осы орайда, Иран президенті ХасанРуханидің Ердоғанға Түркия–Сирия–Иран форматында Ресейді қоспай, жиналуды ұсынуыТегеран мен Мәскеу және Шам мен Мәскеу арасында белгілі қайшылықтардың барекенін көрсетеді. Бірақ Асадтың Идлибке шабуылы және онда түрік әскерлерінің қазатабуы Анкара мен Шамның қатынастарын түзету ықтималдығын мүлдем жойды. РесейдіңАсад шабуылдарын тоқтатпауы да Анкара мен Мәскеу достығына сызат түсіргенібелгілі. Бұл жағдайды АҚШ өз мүддесі үшін пайдалануға тырысуда. АҚШ-тың Сириядағыарнаулы өкілі мен АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілінің Түркияның Хатайоблысына дейін келіп, түрік тарапына қолдау көрсетуі осы саясаттың көрінісі.Осы жағдайға қарап АҚШ пен Ресей арасында белгілі бір ымыраласудың бар болуы мүмкіндеп айта аламыз. Дегенмен Анкараның Батысты паналауы Ресейдің мүддесіне сайемес. Сондықтан 5 наурыз күні Мәскеуде болатын Ердоған–Путин кездесуі тек Түркия–Ресейқатынастары тұрғысынан ғана емес, аймақтың геосаясат тұрғысынан да маңызды басқосуболады.

Дінмұхаммед Әметбек,

АНКАСАМ (Анкара дағдарыс пенсаясат зерттеу орталығы)

Еуразия бөлімінің басшысы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега