Баған

Отты әндердің жылуы неге білінбейді?

Ұлы Отансоғысы қазақ тарихында мәңгілікке тасқа жазылып қалды. Жүз мыңдаған ерлер мен қыз-келіншек қолынақару алып, Отан үшін фашизмге қарсы тұрды.

Jasalash.kz

Тылдағы шал-кемпір түгіл, беліқатып, буыны бекімеген балалар да еңбекке араласты. Бұл аз болса, сұрапылсоғыстың зардабын тартқан ұлттар мен ұлыстардың бір бөлігін туысындай қарсыалды. Олардың арасында сол кездегі биліктің күштеуімен қоныстандырылғандар даболды. Ел ішінде қанша аласапыран болып жатса да, рухани құндылықтар ұмытқалмады. Атақты өнер ордалары қалаларға келіп тұрақтады. Мұның өзі есті тандырғансұрапыл  уақытта да мәдениетке  маңыз берілгенін байқатады.

    Шын мәніндеөлім мен өмір айқасқан жылдары ел-жұрттың рухын көтерген мәдениет болды. Солжылдары ақындар мен композиторлар жүректен шыққан патриоттық жырлар, әндержазды. Жасыратыны жоқ, негізінен,  орысшаәндер өте көп еді. Айталық, И.Дунаевскийдің музыкасына арқау болған М.Леснянскиймен С.Агранянның «Моя Москва» өлеңі жиі айтылады. Ақын Марк Леснянский өлеңді 1941жылғы қараша айында жазған, ал 1942 жылы композитор И.Дунаевский музыкасынжазды. Сергей Агранян өлеңнің қайырмасын толықтырды.Тіпті 1995 жылдан бастап«Моя Москва» әні ресми түрде Ресей Федерациясының әнұранына айналды.

      1941-45 жылдардағы жауынгерлер ерлігі менжеңісті арқау еткен өлеңдер бізде де аз емес. Әндер де шықты. Оның барлығы әржылдарда әрқилы айтылып келді. Әрқилы деп отырғанымыз, жеңіс жылдары алыстағансайын, патриоттық тақырып тоқырай бастады. Бұл төңіректе ой қозғаған әнші әрікомпозитор Алтынбек Қоразбаев ағамыз былай деген еді:

– Бала кезімізде үлкен кісілерден зарлы өлеңдерді естіпқалатынбыз. Ол майдандағы ет жақындары мен туыстарына деген сағыныштан шыққанболса керек. Ал мектепке барған жылдары патриоттық әндерді біз де айттық.Өнерге құштарлық та осыдан басталды. Мысалы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисіСадық Кәрімбаев ағамыздың Отан туралы, Сыдық Мұхамеджановтың әндері болды.Жарықтық, менің анам Мұхиттың әні деп, бір әнді айтатын. Ол ауруханада ауырхалде жатып, жанындағы Әбділда деген кісіге өлеңдерін жаздырған. Әні қайғылы еді. Бала кезімде мен үлкендерге айтыпбергенде, бәрі жылап отырып тыңдайтын. Бертінде Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнішықты. Осылардың барлығы ересектермен қатар, жастарды да жігерлендіріп, Отандегеннің қасиетін, оны көздің қарашығындай қорғауды ұғындыратын. Бұл өлеңдерді Жеңіскүні қарсаңында түрлі шараларда жастар айтып жатса, бұл да ерлікті насихаттаудеп білемін.

    Әрине, Жеңісті жаппай, дүрілдетіп тойлайтындәуір өтіп барады. Тіпті сол соғысқа деген түрлі көзқарас, түрлі түсінік пайдаболды. Пікір  алуандығы әркімді әрқилыойға жетелейді. Бірақ Ұлы Отан соғысы жылдары жүз мыңдаған қазақ ұлтыныңөкілдері ерліктің өшпес үлгісін көрсеткенін, қан сасыған майдан даласында  мыңдаған қандасымыздың сүйегі қалғанынұмытпауымыз керек. Сондықтан аға ұрпақтың ерлігін насихаттау – басты парызымыз.Мұның өзі ұлтымыздың рухани бірлігін, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтысақтайтын рухани байланыс құралы.

    Иә, Жеңістақырыбына арналған жыр көп, ән аз екені даусыз. Сол жылдарға арналған әндеренді қайта туа қоймас. «Барымен базар» демекші, қолдағы бар әнді жұрт назарынаұсынып, әспеттей алсақ та жетеді. Әрине, бұл жағынан орыстардың озып тұрғанын жасыраалмаймыз.  Оның жөні де бар. Қалай десекте, қара жамылған қазақ жұрты  ортақ Отандықорғауға атсалысқан азаматтарын ұмытпайды. Осыған байланысты жер-жерде майданәндерінің кешін ұйымдастырып, ерліктің өшпейтінін насихаттаушылар аз да болсабаршылық.

     Сонау 2010 жылы  Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Темірбек Жүргеноватындағы өнер академиясының ұжымы Қазақстанның халық артисі,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жезтаңдайәнші Нұрғали Нүсіпжановтың атсалысуымен қазақ композиторларының сиреккездесетін әндерін сахнаға шығарған еді. Сөйтіп, майдангер-композиторлар Рамазан Елебаев, Смағұл Көшекбаев және басқада азаматтардың  мұрасы насихатталған-ды.Өкінішке қарай, бұл жылда бола бермейтін шара екені шындық. Сондықтан да болар,Жеңіс күндері қатары сиреп қалған ардагерлер алдында «День Победы» деген орысшаәнді айтудан әлі күнге шаршамай келеміз. Осыдан кейін өзге ұлттар да бұлЖеңісті орыс халқының жеңісі секілді қабылдайды.

     Айталық,белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің соғыс тақырыбын арқау еткен жеті әні барекен. «Мен сендерді іздеймін», «Сөнбейді, әже, шырағың», Бауыржан Момышұлынаарналған «Аға ескерткішінің басында» секілді әні жұрт назарын аударары анық. Соғыстақырыбын көбірек әнге арқау еткен композитор Қазақстанның халық артисі  ӘсетБейсеуов екен. Ол кісінің «Менің Мәншүгім», «Батыр Бауыржан», Рейхстагқа алғашту тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа арнаған «Қайта оралған қаһарман» әндері бүгінгіжас буын үшін бағалы да қастерлі. Өкініштісі, Әділ  Базанов, Мәлік Жаппасбаев секілдікомпозиторлар тіпті елеусіз қалды деуге болады.

    «Ерлікұмытылмауы тиіс» деген ұстанымдағы әнші әрі композитор Бағлан Бабижан бізгемынадай дерек ұсынды. Тәмти Ибрагимова  дегенкісі 1979 жылы «Жалын» баспасынан  «Жасқазақ» деп аталатын аударма кітабын шығарған. Соның алғы сөзінде  1965 жылы «Жазушы» баспасынан «Жауынгеркомпозиторлар» атты кітап жарық көргені айтылады. Бірақ оны өнер саласындажүрген бүгінгі жас ұрпақ қолына ұстап көрмегені анық. Ал «Жас қазақ» кітабындамайдангер композиторлар Смағұл Көшекбаев, Мәлік Жаппасбаев, Әділ Базанов,Ғабділман Матов, Қостуған Қазыханов, Темірбек Көкебаев, Ораз Жұмағұлов, ЫсқақУәлиев және басқалар туралы тың дерек бар.

– Біз Тәмти Ибрагимованың  алдында бас июіміз керек. Ол кісі қазақ өнеріндамытқан кәсіби композиторлар туралы жақсы еңбек жазды. Әндері нотасыменберілген. Алайда пайдаланып жатқан жан жоқ. Не Жеңіс күндері радио,телеарналардан берілмейді. Майдан даласынан оралмаған композиторларды іздейтін,насихаттайтын уақыт келген секілді, – дейді Бағлан Бабижан.

    Ұлы Отан соғысы жылдары да музыкатану ғылымытоқтап қалмағанын уақыт көрсетті. Тіпті қоныс аударып келген сала мамандарықазақ музыкасын дамытуға атсалысты, қолдау білдірді. Дегенмен уақыт өте келе,заманның, көзқарастың өзгеруіне байланысты ерлікті паш ететін әндерді іздеудіқойдық. Рухты әндер тіпті мектептердегі музыка пәні сабағында да оқытылақоймас. Ал концерттердің жөні бөлек десек те, телеарналарда күндіз-түніселкілдеп ән айтатындарды тыңдап, өзіңді тойда жүргендей сезінесің. Шығармашылықжеке кештерде де соғыс тақырыбына арналған әндер мүлде айтылмайды. Міне, аталарымыздыңартында қалған рухты шығармаларды тым болмаса 9 Мамыр қарсаңында жұрт жадынасалып қойсақ жаман болмас еді.

     Жолдасбек ДУАНАБАЙ, 

«Жас Алаш» 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега