Ойыншық тапаншамен бұрынғы сүйіктісін қорқытқан ер адамға сот үкімі шықты
Орал қаласының тұрғыны бұрынғы сүйіктісі жұмыс істейтін медициналық клиникаға келіп, жанжал шығарған.
Полицияның мәліметінше, ер адам бұрын қарым-қатынаста болған қызбен сөйлеспек болған. Алайда әңгіме ұрыс-керіске ұласып, ол балағат сөздер айтып, клиника қызметкерлері мен науқастардың көзінше тәртіп бұзған.
Жанжал кезінде ер адам тапаншаға ұқсас затты көрсеткен. Кейін жүргізілген тексеру оның ойыншық тапанша екенін және айналадағыларға қауіп төндірмегенін анықтады.
Оқиғаға байланысты ер адамға ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.