Өз жерін Қытайға қосқысы келетіндер кімдер?
Қытайдың бірнеше веб-сайтында Қазақстанның егемендігінекүмән келтіретін, саяси-дипломатиялық қарым-қатынасымызға сызат түсіретінмақала жарияланды.
Ұятсыздық пен арсыздыққа, екіжүзділік пен аярлыққа толымақаланың көздегені – жаулық, аңсағаны – арамдық демеке шарамыз жоқ.
Оқырманға түсінікті болуы үшін, мақаланы ықшамдап, қазақшағааударып бергенді жөн көрдік.
«ҚазақстанҚытайға қайта қосылуды не үшін зарыға аңсайды?»
«Орта Азиядағы ішкі құрлықтық мемлекеттерішінде Қазақстан сөз жоқ, ең үлкені. Ол Қытайдың Шыңжанымен шекараласады,Өзбекстан және Түркіменстанмен шекараласады, ал Иранмен теңіз арқылы шектеседі.Қазақстан ең үлкен құрлықтық мемлекет есебінде 2 млн 220 мың шаршы шақырымтерриториясы бар, тұтасымен Еуразияны алып жатыр. Қазақтың мәдениеті – исламмәдениеті, түркі мәдениеті сияқты көп мәдениеттердің сіңіскен қосындысы.Қазақстан дегеніміз ежелгі түркілердің империясы. Қазақстан тарихта Қытайғатәуелді территорияның бір бөлігі. Қытай тарихта Қазақстанға тым көп мәртешабуыл жасаған. Бірақ бұл мәселе бойынша қазақстандықтардың тым көп өкпесі жоқ.
Циньпатшалығы кезінде Қазақстан Цинь патшалығына тәуелді мемлекетке айналды. Олкезде Қазақстан үш хандық мемлекетке бөлінді, оның екеуі Цинь ордасынавассалдық тәуелділікте болды. Қазақстан ежелден Қытаймен тым терең байланыста.Ендеше, біз: «Қытай қалайша біртіндеп-біртіндеп Қазақстанды өзіне бағындырдыжәне біртіндеп-біртіндеп айырылып қалды», деген мәселені сараптайықшы.
Шамамен,15 ғасырда Алтын Орда хандығы кезінде Өзбек хандығы деген бір мемлекет болды.Оның аумағы үлкен еді. Ішкі қайшылықтарға байланысты екі мемлекеттің халқықашты, қашып, бұл мемлекеттен ажырады және өздері тың ұлт болып қалыптасты.Бұлар «қазақтар» деп аталды. Кейін, қазақтың территориясы да Алтын Ордаданбөлініп шықты, одан қашып шыққан халық тың нәсіл болып қалыптасып, тың бірмемлекетті құрды. 16 ғасырда бұл мемлекет үш кішкентай хандыққа бөлшектенді.Олардың барлығы «жүздер» деп аталды. 17 ғасырда Орта Азияда өте қуатты билікқалыпқа келді. Бұл көшпенділер құрған билік Жоңғар хандығы еді. Кейін, Ұлы жүзбен Кіші жүз Ресейге бағынды да, Орта жүз Жоңғар хандығына бағынышты болды.1757 жылы Жоңғар хандығын Цинь империясы жойып жіберді. Одан соң, Ұлы жүз, Ортажүз, тіпті, Кіші жүзге дейін Цинь империясына бағынышты елге айналды. ЖоңғарларЦинь империясымен ұзақ уақыттық соғыста шығынға ұшырап, оның үстіне, оба індетітарап, біртіндеп, Балқаш көлі маңынан жоғалып кетті. Ал қазақтар болса, Циньдинастиясының қол астына енді. Осы тарихқа байланысты Қазақстанның «ғұламалары»қалай еске алатынын қарап көрейікші. 16 ғасырдың басында түркі халқының ұрпағыкөшпенді ұлттар сол жерде шатырларын тіге бастады және бір мемлекет болып қалыптасты.Бұл мемлекет қытайлар тарапынан бірнеше мәрте жойылып кете жаздаған. Бірақбақытына орай, жойылмаған (қазақстандықтардың айтуы бойынша). Қытайлар өзініңішкі соғысына байланысты әскерлерін кері алып шықты. Оның үстіне, географиялықорналасуы тым шалғай болғандықтан, Қазақстан Қытай тарапынан «жұтып» алынғанжоқ. Тарихқа көз салсақ, қытайлар Еділ өзеніне қарай жорыққа бір-екі рет қанааттанған жоқ. Қытайдың қуаты шарықтап тұрған Таң империясы кезінде түркілерекіге бөлінді, оның әрқайсысын қытайлар қалпақпен ұрып алды. Шығыс ТүркістандыТаң империясы «ап» деп аузын ашып, жұтып алды. Таң империясы әскерінің ықпалыЖетісу өңіріне дейін жетті. Жетісу өңірі дегеніміз қай жер? Ол түркілердіңтамыр тартқан жері. Көп ұзамай, Таң империясының ішкі жағында бүлік туып, олөзінің басқаруындағы территорияны игеруге шамасы жетпей, Жетісу өңіріненшегініп шықты. Олардың басқарған мерзімі де ұзақ емес. 19 ғасырда Қытайдыңармиясы Тянь-Шань тауына тағы да жетті. Қазақтар жұтылып кетуге аз қалды.Моңғолдардың келуі Қытай армиясын жеңіліске ұшыратты. Қытай армиясы тағы дашегінуге мәжбүр болды. Ал енді қазақтар қалайша біртіндеп-біртіндеп, Қытайдантәуелсіздік алды?
19ғасырдағы «апиын соғысынан» кейін Цинь империясының ең қуатты күштері қурап,шіріп бітті және апиын Цинь империясының түбіне жетті. Өзін-өзі қорғаймын депшекараны жауып алып, Цинь империясы жойылды. Ресей осы орайды пайдаланып, Циньимпериясының территориясын жаулап алды. Содан барып, Қазақстан Ресейге тәуелдіболды. Әр жолғы әділетсіз келісімдерден кейін көптеген территориядан осылайайырылдық. Қытайдың жоғалтқаны тек, Қазақстан ғана емес қой.
Бүгіндеқазақстандықтар: «біздің қанымызда қытайдың қаны бар», деп айтады. Әрине,тарихи зерттеулерде қазақстандықтардың еуропалықтармен тегі бір екені анықталсада, бірақ олар «біздің қанымызда қытайдың қаны бар», деп айтады. Олардыңарасында кейбір адамдар Қытайдағы соғыстан қашып барған еді. Шыңғысхан қуып жібергенханзулар Қазақстан территориясына келіп, осы халыққа сіңісті. Әрине, бұл қазақстандықтардыңөзінің ойы ғой…
Қазірбіздің көз алдымызда Қытайдың Қазақстанға жасаған көмегі үлкен, салғанинвестициясы 23 млрд доллардан асады. Болат-темір қорыту саласында, тіпті, оданда үлкен мемлекеттік макроқұрылымдарда Қазақстанға өте үлкен көмек жасапжатырмыз, зор көлемде инвестиция салып жатырмыз.
Бұданбөлек, Қазақстанның кішкентай бір қалашығында қазақстандықтар өздерін Ли Байдыңтұқымымыз деп атайды (Ли Бо –701-762 жж өмір сүрген Қытайдың көрнекті ақыны — автор). Тіпті, кейбір адамдар өздерін «ханзудың тұқымымыз» деп айтады. Олар«соғыс кезінде қашып келіп, жергілікті адамдармен сіңісіп кеттік», дейді. ОларҚытайға қосылғысы келеді немесе Қытайға қайтқысы келеді. Олар өздерініңтерриториясымен, өздерінің жерімен Қытайға қосылғысы келеді»,–депжазылған.
Автор тарихи деректерді ұятсыздықпен бұрмалай отырып, имперлікқомағайлықпен Қазақстан территориясына көз алартудан тартынбайды. Бәлкім,біздің биліктің тамырын басып көру үшін, барлау мақсатында жазылған мақалашығар.
Мақаладағы «өз жерімен, өз территориясымен Қытайғақосылғысы келетіндердің» кімдер екенін айтпаса да ішіміз сезіп отыр. БірақҚазақстанда өмір сүріп отырған ешбір диаспораның өзімен бірге атажұртынанұлтарақтай жерді көтеріп келмегені анық. Яғни, «жеріммен бөтен елге қосыламын»,деуге ешкімнің де тарихи-моральдық құқығы жоқ. Тарихи Отанына қайтамын дегеназаматқа тосқауыл бола алмайтынымыз да рас. Өйткені, Қазақстан РеспубликасыКонституциясы, халықаралық адам құқықтары жөніндегі құжаттарда бұл әрекеттерқұқықтық күшке ие. Осы құқықты басшылыққа ала отырып, әрбір азаматтыңемін-еркін көшіп-қонуына түсіністікпен қараймыз.
Біздің көңілімізді елеңдеткен тағы бір мәселе – Ли Байтуралы үзінді. Өйткені, Қытай әдебиетінің көрнекті өкілі Ли Бай қазақаудиториясы үшін соңғы кезге дейін беймәлім тұлға еді. Екі мыңыншы жылдары«ойбай, не дейсің, Ли Бай қазақ екен, Шу қаласында туыпты», – деген әңгімелермен мақалалар, қайдан шыққаны белгісіз бір «тарихи» деректер мүйізі қарағайдай«Қазақ әдебиеті» газетінде бірнеше дүркін жарық көрді, Тіпті, қызды-қыздымен ЛиБайды Дулат тайпасының өкілі етіп жібергендер де бар еді.
Бұл ақын туралы Шыңжан университетінің қытай әдебиетіфакультетін тәмамдаған, бүгінде тарих ғылымдарының кандидаты, қытайтанушыӘлімғазы Дәулетхан басқаша пікірде. Оның айтуынша, Ли Байды «қазақ қылуға» барынта-жігерін сарп еткен Еуразия университетінің кафедра меңгерушісі ДүкенМәсімхан көрінеді.
Әлімғазы Дәулетханның айтуынша, Дүкен Мәсімхан бұлидеясын жүзеге асыру үшін Өмірбек Байгелді, Нұрлан Оразалин сияқты сол кездегіықпалды тұлғалардың дуалы аузына «Ли Бай қазақ» деген сөзді салыпты. Сөйтіп,қазақ тілінде бір шумақ өлең жазбаған Ли Бай аяқ астынан қазақ, оның ішінде,Дулат тайпасының өкілі болып шыға келген. Арабша бір ауыз өлең жазбағанПушкинді «араб ақыны» дегендей болып шыққан.
Енді мына мақалада жазылған «өздерінің қанында ханзу қаныбар, өздерін Ли Байдың тұқымымыз деп атайды», – дегендердің қайдан шыққанын ұғаберіңіз! Тұтастай Дулат секілді қабырғалы тайпаны бір-ақ ауыз сөзбен ханзуұлтының өкілі етіп шығара салған. Бұдан өткен сұрқиялық, бұдан өткенекіжүзділік бола қоймас, сірә!
Қытыққа ши жүгірткен бұл мақаланы Қытайдың мемлекеттік Sohuсайты қарадан-қарап, баса салмағаны анық. Басылым туралы ресми ақпараттарға зерсалып, салмақтап көрейікші. Басылымның беделін, медиарейтингін өлшейтін Alexaкомпаниясының ақпаратына сенсек, Sohu көрілім және оқылым бойынша әлемдежетінші орында екен. Бұл дегеніңіз – басылым әлемдегі ең беделді ондыққа енедідеген сөз. Нью-Йорктағы Nasdaq қор биржасында Sohu 1,9 млрд долларға бағаланған.Басылым Қытай коммунистік партиясының белбаласы екені айдан анық. Яғни, бұлбасылымда анау-мынау бос әңгіме емес, Қытай коммунистік партиясы мақұлдаған, арнайыбағыттаған материалдар жарияланады деген сөз. Ендеше, Қытай коммунистеріҚазақстанға келгенде, бір саусағын ішке бүгіп жүр ме? Бұл ойлантатын сұрақ.
ЕрланСайыров, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы:
«Қытайдың ресми сайттары осылай жазып жатса, бұл мәселегеСыртқы істер министрлігі дереу назар аударуы керек. Түсінеміз, Қытаймен арадағыэкономикалық байланысымыз, достық қарым-қатынасымыз сақталуы керек. Бірақмынандай нәрсеге көз жұма салуға болмайды. Экономика – экономикамен. Ал біздіңтәуелсіздігіміз, мемлекетіміздің қауіпсіздігі ең бірінші орында тұруы шарт. Мынажағдайды реттеу үшін дипломатиялық тетіктерді іске қосу керек. Қажет болғанжағдайда, Қытайдың Қазақстандағы елшісін сыртқы істер министрі шақырып алып,түсіндіру жұмыстарын талап етсін немесе тікелей, Қытай Сыртқы істерминистрлігінен осы мәселе бойынша түсіндіруді талап етуі керек».
АрманШораев, қоғам белсендісі:
«Меніңше, Қытай сайттарындағы мұндай нәрселерге қатты мәнберудің қажеті жоқ. Өйткені, Қытай ешқандай мемлекетті соғыспен, күшпен басыпала қоймайды. Олар сауда-саттықпен, экономикалық экспансиямен басып алуымүмкін. Қазірдің өзінде біз Қытайға 11-12 млрд доллар қарызбыз. Экономикамызғасалған Қытайдың инвестициясы 23 млрд доллардан асады. Біз осы қарыз алумәселесінде Қытайдан сақ болуымыз керек. Мүмкіндігінше, қарызды тезірек қайтаруғатырысқанымыз жөн. Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, Қытайға қарызын қайтараалмаған мемлекеттер жерінен, мемлекеттік активтерден, немесе кен орындарынанайырылып жатыр. Біз мұндай жағдайға жеткізбеуіміз керек. Одан соң, әртүрлідаңғазасы көп жобалар үшін Қытайдан қарыз алуды, инвестиция тартуды тоқтатукерек.
Ал мына мақала бойынша, Сыртқы істер министрлігі Қытайдыңдипломатиялық ведомствосынан түсініктеме талап етуі тиіс».
СерікжанБіләшұлы, Тіркелмеген «Нағыз Атажұрт»ұйымының жетекшісі:
«Қытай билігіне тіке қарасты Sohu сайты мен Sina сайтыныңбұл жазбалары үшбу медиалардың қазақты бірінші рет қорлауы емес. 2010 жылы ҚХРжазушылар одағы мүшесі, Қытай социализм институтының орынбасар ректоры ХуХұңбау (Hu Hongbao) дегеннің қазақты қорлаған жазбасы жарияланған болатын. «Қазақтарқытайларды ерекше жақсы көреді, үйіне қытайды түнетуге құмар келеді, түнде қытайдыңқойынына бойжеткен қызын немесе әйелін салып береді», – деп жазады Ху.
Біз бұған қатаң наразылық таныттық. Баспасөзде көтердік.Өкініштісі, билік үнсіз қалды. Ақыры, Бейжіңге барып, Қытай социализм институтыныңбасшылығымен кездестік. Одан соң, Sohu, Sina, Wangyi сайттары Худың блогынөшірді, Ху ресми кешірім сұрады. Іс бітті. Сотқа беріп едік, сот істіқабылдамай қойды. Ең сорақысы, біздің Сыртқы істер министрлігіміз үнсіз қалды.
Екінші қорлығы, Осы Sohu сайты мен Sina сайты жуырда ғана«Коронавирусты Қазақстан мен Американың бірлесіп құрған Алматыдағы биологиялықзертханасы жасаған», – деп жазды. Билікәлі үнсіз. Бұл жала – сұмдық нән жала ғой. Тұтас адамзатқа апат болып отырғантәжвирусты «Қазақстан жасап шығыпты» деу – тұтас адамзатты қазаққа қарсы қоюғой. Билік үнсіз. Үшінші жаласы – «Қазақстан Қытайдың құшағына қайтадан оралудызарыға аңсайды» – дейді. «Қазақстанды Қытайға қашан қосып аламыз», – деп ашықжазады. «Қазақстан ежелдің ежелінен Қытай жері», – дейді. Бұл – төзіп тұруғаболмайтын қорлық».
ТоқтарЖақаш
P.S.
Қытай сайтындағы қазақ қоғамын қорлаған мақала жайындаСыртқы істер министрлігі, Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісіЧжа Сяо газетімізге жауап береді деп күтеміз.