Әлеумет

Өзбек мұғалімдерінің айлығын 1000 $ дейін өсіреміз

Өзбекстандағы мектеп мұғалімдерінің еңбекақылары 1000 $ дейін өсетін болады. Бұл туралы Білім министрі Шерзод ШЕРМАТОВ баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Jasalash.kz

Өзбекстандық xs.uz басылымының жазуынша Өзбекстанда мұғалім мәртебесін көтеру үшін жұмыстар жасалып жатыр. Министр ұстаздардың айлығын өсіруді президент Шавкат МИРЗИЕЕВ қолға алған дейді.

Өзбекстанның мемлекетбасшысы 2018 жылдың 21 маусымында мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы бұйрықберген. Және сол кездегі Білім министрі Ұлықбек ИНОЯТОВ үш орынбасарыменотставкаға кеткен болатын. Сондай-ақ президент бюджеттік мекемедегі қызметкерлерді  көше тазалау сынды жұмыстарға салмау туралыда айтқан еді.

Биылғы жылдың 1қаңтарынан бастап педагоктардың еңбекақысы өсіпті. Қазір олар 190 мен 262 АҚШдоллары аралығында айлық алады. Ал мектеп директорларының қолына ай сайын 285доллар тиеді. Егер бұны теңгеге шақсақ 72 мың мен 99.560 арасында жалақы алады.

Өзбекстанныңпедагогикалық оқу орындарында жыл сайын 20 мың студент қолдарына диплом алады.Бірақ, мектептерде мұғалімдердің тапшылығы байқалады. Көптеген түлектер басқасалаға кетеді екен. Оған себеп айлықтың аздығы, өздерінің міндеттерінежатпайтын түрлі жұмыстарға шегілуі.

МинистрШерзод Шерматов жақсы жаңалықпен бөліскенімен, оның нақты қашан іске асатынынайтқан жоқ.

Фото:  xs.uz 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега