Саясат

Өзбекстан билігі Кәрімова адвокатын ел аумағына кіргізуден бас тартты

Өзбекстан билігіГүлнара Кәрімованың швейцариялық адвокатын ел аумағына кіргізуден бас тартты.

Jasalash.kz

Бұл жөнінде Өзбекстан Бас прокуратурасы мәлімдеді.

«Гүлнара Кәрімованың швейцариялық адвокаты ГрегуарМанжаға қатысты айтарымыз, заңға сәйкес, Өзбекстан аумағында шетелдікадвокаттардың жұмыс істеуі қарастырылмаған. Бұған қоса, Г. Манжаға Швейцарияқұзырлы органдары берген мандат Кәрімова ісін қарауда шектеулі. Оның ӨзбекстанРеспубликасының аумағына келуі Швейцария билігінің өтініші бойынша жүзеге асырылды.Манжа Кәрімовамен кездесу барысында өз өзін жарнамалау мақсатында жалғанақпараттар таратып, адвокаттық этикана бұзды. Осыған байланысты Өзбекстантарапы Грегуар Манжаның ел аумағына кіру өтінішін қанағаттандырмауға мәжбүр», — делінген Бас прокуратура таратқан мәлімдемеде.

Бұдан бөлек мәлімдемеде Кәрімованың өзбекстандық адвокаттары емін-еркін жұмыс істеп жатқандығы айтылған. 

Қараша айының 25-і күні Грегуар Манжаөзінің «Twitter» парақшасына «Гүлнара Кәрімовамен кездесе алмай жүргендігінжәне Өзбекстанға жіберілген арыздарының барлығы қабылданбағанын» айтқан. Бұғандейін ол 16 қыркүйек күні Ташкентте Кәрімова үстінен құпия сот өткендігінмәлімдеген. Осыдан кейін Иман Кәрімова жақын күндері халықаралық қауымдастыққаелдегі жемқорлыққа қатысты құпия құжаттарды жариялайтындығын айтып, президентШавкат Мирзиеевке ескерту жасаған.

Фото: CA-NEWS.ORG

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега