Әлеумет

Өзбекстанда 2019-дан бастап салық көлемі азайып, жалақы көбеймек

Жаңа жылдан бастап Өзбекстан халқының әл — әуқаты артады деп күтілуде. Себебі, 2019 жылғы бюджеттің 54 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталмақ.

Jasalash.kz
Бұл туралы «Forbes Kazaknstan» басылымы хабарлайды.Өзбекстан президенті Шавхат МИРЗИЕЕВТІҢ өкімімен салық көлемі азаяды де күтілуде.Елде бірыңғай әлеуметтік төлем жүйесі енгізіліп, көрші ағайындар 12 пайыз жеңілдікпен мемлекетке кіріс енгізіп отыратын болды. Сондай -ақ, мұғалімдер мен дәрігерлердің де жағдайы жақсармақ. 1 қаңтардан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақылары 10 пайызға өсетін болса, жоғарғы санатты ұстаздардың айлықтары 15-25 пайыз аралығында артады. Жоғары оқу орнының қызметкерлері де әдеттегіден көп ақша алатын болды.Қазіргі таңда медицина саласы қызметкерлерінің де қуанышында шек жоқ. Ақ халаттылардың жалақысы 26,5 пайызға өсті. Әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге бағытталған бюджет қаражаты да 20 пайызға артты.Жасыратыны жоқ, билік басына келген Шавхат Мирзиеев ел экономикасын дамытуды мықтап қолға алды. 2030 жылға дейін арнайы бағдарламаны қабылдап, 40-тан аса инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Бүгінгі күні елде жұмыссыздықпен күрес жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы — халықтың тұрмысын арттыру көзделіп отыр.  Фото: sputnik.kg
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега