Саясат

Өзіл қытайдағы қазақ пен ұйғырларға араша түсті

Футболданәлем чемпионы, ағылшындық «Арсенал» клубының ойыншысы Месут ӨЗІЛ Қытай ХалықРеспубликасының құрамындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы жағдайғаалаңдаушылық білдірді.

Jasalash.kz

«Шығыс Түркістан ислам қауымының қансырап тұрған жарасы.Олар (қытайлар) құранды өртеп, мешіттерді жауып, дін қайраткерлерін өлтіріпжатыр. Еркектерді түрмеге отырғызып, әйелдерін қытайларға үйленуге күштеп жатыр», — деп жазды даңқы футболы твиттер парақшасында.

«Арсенал»футбол клубы ойыншысының бұл пікіріне қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

«Месут Өзіл өзінің жеке ойын айтты. Арсенал спорттық ұйымболғандықтан ешқашан да саяси мәселелерге араласпайды», — деді клуб басшылығы.

Қытаймемлекеттік CCTV  телеарнасыфутболшының бұл мәлімдемесінен кейін Арсенал мен Манчестер Сити арасындағымачты көрсетуден бас тартқан. Оның орнына Тоттенхэм мен Вулверхэмптонарасындағы ойынды қойған.

Ең алғашҚытайдағы саяси үйрету лагерьлер туралы ақпарат 2017 жылы шыға бастады. РесмиБейжің бұл ақпараттарды жоққа шығарды. 2018 жылы БҰҰ Шыңжаңда бір миллионғажуық мұсылмандардың қамауда отырғанын мәлімдеді. Қазақстандық «Атажұртеріктілері» атты ұйым да көршілес елде азшылықтарға жасалып жатқан қысым туралысан айтқан.  

Фото: dailymail.co.uk

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега