Әлеумет

Өзін «ямайкалықпын» деп таныстырған жігіт Қазақстан азаматы болып шықты

Алматыда құжаттары жоқ ер адам полицияның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Фото: Полиция

Жеке басын анықтау кезінде ол өзін 19 жастағы Ямайка азаматы ретінде таныстырған.

Алайда полиция қызметкерлерінің ақпараттық базалар арқылы жүргізген тексеруі ер адамның айтқанына сәйкес келмеген. Құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтау жұмыстарын жалғастырып, көп ұзамай шын мәнінде кім екенін анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам 2003 жылы туған және Алматы қаласының Алатау ауданында тұратын Қазақстан азаматы болып шықты. Сонымен қатар ол іздеуде болған. Туыстары оны бірнеше күннен бері іздеген.

Полиция қызметкерлері ер адамның әкесін анықтап, онымен байланысқа шыққан. Көп ұзамай әкесі қабылдау-тарату орнына келіп, ұлын таныған.

Тексеру барысында ер адамның психикалық ауруға шалдыққаны белгілі болды.

Барлық мән-жай анықталғаннан кейін ер адам аман-есен әкесіне тапсырылды.

Сайт Әкімшілігі