Пайдаланылмаған жерлерді қайтарып алып жатыр
Жерді жеке меншігіне алғанымен пайдалана алмағандармен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы күресіп жатыр.
Прокуратура мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан.«2018 жылдың қаңтарынан бастап прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекет меншігіне кадастрлық құны 2 млрд.теңгеден асатын, жалпы алаңы 25,5 мың гектар 126 жер учаскесі қайтарылды»,- деп хабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.Тағы бір атап өтер жайт, уәкілетті органдармен 251 мың гектарды құрайтын осындай 222 жер учаскелері мемлекет иелігіне өткізілген. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша облыс аумағында алаңы 154 мыңнан астам гектарға жетіп жығылатын 200-дей жер учаскелері мүлде қолданысқа енбегені немесе жер заңнамасына қайшы пайдаланылғаны анықталып отыр. Олардың басым бөлігі Бұқтырма су қоймасының және қалалардың инфрақұрылымын дамытатын аумақтарды қамтиды. Мәселен, облыс орталығы Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылы, Самар тас жолы, 19 және 21 мөлтек аудандар бойынша осындай кемшіліктерге жол берілген.
Фото: сезоны-года.рф
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.