Саясат

Пәкістан басшылығы Тоқаевты ең жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік марапаты — Nishan-e-Pakistan орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

Исламабадта өткен салтанатты рәсімде Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Қазақстан Президентіне Nishan-e-Pakistan орденін табыс етті.

Аталған марапат Пәкістан азаматтарына, сондай-ақ шетелдік мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлеріне ел алдындағы айрықша еңбегі үшін беріледі.

Салтанатты шараға Пәкістан Үкіметінің мүшелері, парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары қолбасшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев