Без Категории

Пампео Кабуылдағы терактіні адамзатқа қарсы шабуыл деп атады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ауғанстанның тәуелсіздік алғанына жүз жыл толуымен құттықтау хатында осынау атаулы күн қарсаңында, 17 тамызда Кабулда жасалған шабуылды айыптады.

Jasalash.kz

"Демалыс күндері Кабулдағы үйлену тойы өтіп жатқан жерге жасалған террорлық жарылыс — адамзатқа қарсы шабуыл" делінген 18 тамыз, Ауғанстанның тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланған хатта.

Ауғанстан халқына жолдауында Помпео соңғы 20 жылда елде "білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, әйелдер құқығы, экономикалық мүмкіндіктер мен БАҚ еркіндігі" саласында оң өзгерістер болғанын атап өткен. Ол "бейбіт болашаққа" бет түзеген Ауғанстанның бағытынан таймауға табандылық танытып отырғанын айтқан.

17 тамызда Ауғанстан астанасындағы үйлену тойы өтетін залда жүздеген адам жиналғанда жасалған, жыл басынан бергі кезеңдегі ең жойқын шабуыл салдарынан, ресми мәлімет бойынша, 63 адам қаза тауып, 182 адам жараланған. Оған жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы алған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани шабуылды "жабайылық" деп атады. Бұл шабуыл, кей хабарлар бойынша, Ауғанстанда 18 жылдан бері жалғасып келе жатқан соғысты доғару жайлы бейбіт келісімде АҚШ билігі мен "Талибан" қозғалысы келісімге қол жеткізуге шақ қалған тұста жасалды.

БҰҰ мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы жартысында Ауғанстанда шабуылдар салдарынан қаза болған немесе жараланған адам саны 3800-ге жеткен.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега