Сараптама

Пандемия мен мұнай мұңы Мамин үкіметін ширата алмады

Қазіргі сәт әлем елдері жанталасып,жаһанды жайлаған пандемияға жұтылып кетпеуді ойластырып жатқан кезең.

Jasalash.kz

Індеттенбөлек, мұнайдың мұңы да әлемді қинап тұр. Осыған байланысты Еуропа одағыныңқаржы министрлері коронавирус індеті мен мұнай бағасының құлауы  кезінде экономикаға дем беретін құны 500 млрдевро болатын жоспарды мақұлдады. Енді алдағы уақытта Еуропа тұрақтылықмеханизмі қорынан Италия және Испания сияқты вирустан қатты зардап шеккенмемлекеттерге 240 млрд евро көлемінде қаржылай көмек беріліп, жұмыс орындарынсақтап қалуға 100 млрд евро қаржы бөлінеді. Бизнесті қолдауға Еуропа инвестициялықбанкінен 200 млрд евро көлемінде қаржы бөлу қарастырылған. Бұл – Еуропадағыжағдай.

Ал Азиядағы жағдай қалай өрбуде?! Пандемиямен мұнай мұңына байланысты Азия елдерінің үкімет басшылары да бас қосып,қазіргі қиын ахуалды талқыға салды. Осыған орай, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК)отырысы болып өтті.  ОтырысқаЕАЭО елдерінің премьерлері қатысты. Біздің үкімет басшымыз  Асқар Мамин де осы бейнеконференцияда бойкөрсетті. Аталмыш отырыста Мамин: «Қазіргіэкономикалық дағдарыс біздің экономикаларымыз үшін сын-тегеурін ғана емес,мүмкіндік те болып отыр. Бұл дағдарыс мемлекеттің іргелі факторларынқалыптастыру үшін тың жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», – деді.

 Мамин осылай дегенімен,еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеп жүрген біраз маман біздіңүкіметтің іс-қимылына қатысты сын пікірлерін оқтын-оқтын ортаға салып жатыр. Тіпті бұлретте үкіметтің жұмысына көңілі толмайтындардың бір парасы «әдемі кету де үлкен өнермен саяси көрегендік қой» деп, өз ойларын да айтты. Мәселен, бұған қатыстысаясаттанушы Бауыржан Серікбаев әлеуметтік желіде: «Негізі,төтенше жағдай кезінде парламентті таратып, барлық заң қабылдау күшін президентөз қолына алса елге пайдалы болады. 1994-95 жылдары сондай тарихи тәжірибеденөткенбіз. Мәжіліс пен сенат кетсе, 1 миллион жалақысы бар депутаттармен біргекөмекшілері, аппараты, коммуналдық шығыны, көлік пен басқа да қызметтері қосакетеді. Бюджетке эконом болады», – деп өз ойын ашып жазды.

 Төтенше жағдайда Мамин үкіметінің мамыражайқылығына сын айтқандар мұнымен бітпейді. Көршілес елдердің үкімет басшылары менхалық қалаулыларының жанталасып жұмыс істеп жатқанын мысал еткен мамандарбіздің үкіметтікі не жайбасарлық, не сылбырлық екенін ұқпай дал. Бұған қатысты«Жас Алашқа» пікір білдірген Орталық Азия елдерінің экономикасын зерттеушіэкономист-сарапшы  Маржан Әбдікаримовабылай дейді: «Бір түсінбейтінім, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанныңүкіметі жанталасып жұмыс істеп жатыр. Үкімет басшылары президенттеріне қайта-қайтаұсыныс айтып жанығып тұр. Ал біздің үкіметтікі не жайбасарлық?! Идеяларжайшылықта тумайды, таршылықта туады. Осындайда неге Мамин қайта-қайта елалдына шығып, жағдайды түсіндіріп, депутаттар неге ел арасында болып жатқанжағдайды халыққа жеткізіп отырмайды?»

Расымен де, маман айтып отырғандай,Қырғызстанның үкімет басшысы бұл індеттен шығу үшін нақты қанша қаражат керекекенін, қандай сәтті қадамдар елді тығырықтан шығара алатынын бірнеше мәртеқадап айтты. Осыған орай, Қырғыз президенті Жээнбеков Ислам даму банкінен 20млн доллар қаражат сұрап алды. Бұған қоса, Дүниежүзілік банк те қырғыздарғақысылған сәтте 12,15 млн доллар қаражат бөлетін болды. Халықаралық валюта қорыда 120,9 млн доллар қаражат беруді ойластырып отыр. Ал коронавирустың бірде-бірдерегі тіркелмеген Тәжікстан алдын ала сақтанып, қам жасап алу үшін Дүниежүзілікбанктен 11 млн доллар бөлгізіп алды. Бұл қаражатқа тәжіктер арнайы киімдер,өкпені желдететін аппараттар сатып алмақ. Өзбекстан үкіметі елдегібай-манаптарына әлеуметтік жауапкершілік туралы батыл үндеу тастай білді. Солүндеудің өтімділігінің арқасында Өзбекстанның шетелде жүрген байларына дейін өзелдеріне көмектесу үшін жанын салып жатыр. Тіпті өзбек басылымдары Қазақстандатау-кен өндірісінің арқасында байыған Патох Шодиевтің өзбек медицинасынакөмектесуге  қомақты қаржы бөлгенін дежарыса жазды. Әттеген-айы, осы арада біздің үкімет Шодиевтің өзбек елінешынымен қаржы салған-салмағанын қазбалап тексерген де жоқ, бақылауға да алмады.Ал сол Патох Шодиев өз еліне көмекке берген ақша Қазақ елінің қазба байлығынсатудан түскен қаржы емес пе?! Үкімет тарапынан мықты пәрмен болмаған соң ба,біздің бай-манаптардың басым бөлігі мұндай сын сәтте үлкен сомада қаржы аударып,жанашырлық танытуға аса асықпады. Республикалық қорға елдегі ауқаттылардың бірді-екісіғана қаражат беріп, елдің назарын аударды да қойды.

    Осы мысалдарды алға тартсақ, өзге елдердіңүкіметі елім деп өзеуреп тұрғанын байқаймыз. Жоқ, біз Мамин үкіметі дымістемеді деуден аулақпыз. Рас, біздің үкімет төтенше жағдайда «әлеуметтіқолдаудың жаңарған үлгісін жасадық» деді. Бірақ олардың ойлап тапқан  42 мың теңгесінің жайы қырық рулы елді дауғақалдырып, тіпті көпшілікті ашындырып  та жіберді. Үкіметіміз ойлап тапқан, сын сағатта жүйткіптұруы тиіс «Цифрлы Қазақстан» жобасы да істен шығып, шикі тұстары ашылды.Медицинадағы бей-берекетсіздік те белгілі болды. Құзырлы орган салаларындағыкелеңсіздіктер де қылаң берді. Былайша айтқанда, төтеннен келген оқысжағдайға дайын еместігіміз анық білінді. Мұның барлығын сақадай-сай етіп,темірдей тәртіппен бақылауы тиіс үкімет басшымыз «бұл дағдарыс жаңамүмкіндіктерімізді  ашады» дегенмамыражай қалыптан шыға алмай жүр. Ал қарапайым халықтың көңілі көп нәрсегекүпті. Негізінде, атам қазақ сын сәттен өту үшін шешім қабылдарда  «көсеуі ұзынның қолы күймейді» деп, тапқырлыққасалатын. Сол тәрізді қазір бізге халықтың болашағын отқа қарымайтын, қарымды әріұтымды шешімдер қабылдайтын үкімет керек-ақ болып тұр.

   Білімдіқоғам кез келген қиындықты еңсереді

Тақырыпқа тұздық:

    Біз елде болып жатқан жайттарға байланыстысала мамандарының қандай ұсыныстары бар екенін таразылап көрдік. Осы орайда, «Жас Алашқа» пікір білдіргенэкономика ғылымының докторы, профессор Оразәлі Сәбден президентке және елүкіметіне арнайы ұсыныстарын айтты:

Бірінші,  ең үлкен күрделімәселе – қазіргі індетпен күресу.  Бұліндеттен аз шығынмен тез шығу жайын ойластыру керек. Қытай алты аптадапандемиядан шықты. Қытайда 81 780 адам ауырса, соның 77 мыңы жазылды. Бұл науқастардың95 пайызы жазылып шыққанын көрсетеді. Індеттен жазылғандардың көрсеткішіИталияда – 17, Испанияда – 29, Малайзияда – 32, Оңтүстік Кореяда 64 пайыз. Ендеше,бізге осы індетпен күресу үшін Қытай мен Оңтүстік Кореяның тәжірибесін алукерек.

    Екінші, карантин біткеннен кейін күнкөрісіміз қалай болады?!Қазір халықта «аштық болып кетпей ме» деген үрей бар. Осыған байланысты елдегіәлеуметке күнделікті нақты ақпаратты жеткізіп отыру керек. Антимонополиялықкомитеттің жұмысын күшейткен жөн. Мысалы, біздің елде зімбірдің бір келісі 18 мың теңге болып кетті. Алосыны неге тиісті орындар ауыздықтамайды?! Тиісті мамандар  халыққа түсіндіру жұмыстарын неге дер кезіндежүргізбейді?!

    Үшінші,дәрігерлерге жағдай жасау керек. Бізде 120 дәрігеркоронавирус жұқтырған. Сонда індетті жұқтырғандардың 20 пайызы дәрігерлер болыпотыр. Бұл арада министрліктер не қарап отыр?!

    Ресей президенті В.Путин 80 мың дәрігергеүстемеақы беретінін айтты, сондай-ақ ол «баласын бағып, жұмыс істемей отырғананаларға тағы да қосымша 3000 рубль береміз» деді. Осылай нақты айтылуы керек.Бұған қоса, айта кететін жайт, әр мемлекетте «катастрофа медицинасы» деген болуы керек. Бұл – су тасқынында, жерсілкінсе, пандемия кезінде және тағы басқа төтенше жағдайларда күні-түні жұмысістейтін қызмет. Ал бұл бізде жоқ. Неге? Үкімет осыған жауап берсін.

     Біз трансшекаралық аймақта тұрған елміз.Сондықтан мұндай төтенше қызметтер бізде болуы керек. Қытайда бұл пандемия жаңажылдың алдында шықты. Сол аралықта бізге барлық қажеттіліктерді дайындап алуға үш ай уақыт берілді. Ал бізқайттік?! Бастапқыда шетелден ұшақпен келгендерді үйіне карантинге таратыпжібердік. Осындай сәтте ширақ қимылдап, жедел шешім қабылдайтын «катастрофа медицинасы»деген қызмет керек-ақ еді.

    Қазір бізде дамуы нашар сала – денсаулықсаласы. Денсаулық саласына берілетін қаражат ЖІӨ-нің 3,5 пайызын құрайды. ТМДмемлекеттері бойынша ЖІӨ-ге шаққанда денсаулық саласына ең аз қаражат бөлетінбіз екенбіз. ДДСҰ-ның нормативі бойынша бұл салаға бөлінетін қаржы ЖІӨ-нің 6пайызын құрауы керек. ДДСҰ «денсаулық саласына бөлінетін қаржы  6 пайыздан кем болса, онда ол мемлекеттіңденсаулығы нашар болғаны» дейді.

     Біз «экономикамыз мықты» деп мақтанамыз.Ал халықтың денсаулығы нашар болса, қалай экономика мықты болады?! Денсаулығымықты халықтың ғана экономикасы мықты болады емес пе?! Енді осы жағдайдыпайдаланып президентке және үкіметке «бірінші экономикаға емес, ұлт денсаулығынжақсартуға басымдық беру керек» деген ұсыныс айтамын. Дәрігерлердің жалақысынкем дегенде екі-үш есеге арттыру керек.

    Төртінші,фармацевтика саласына жан бітіру қажет. 6000 дәрінің600 түрі ғана Қазақстанда шығарылады екен. Сондықтан дәрі шығаратын ірі фармацевтикалықзауыттар салу керек. Бұдан соң, көпсалалы ауруханалар салған жөн. Осындайауруханалардың қасына медициналық университеттерді қосып, білікті мамандардаярлау қажет. Студенттерді 100 пайыз тегін оқытуға көшу керек. Осының барлығыніске асыру үшін «Денсаулық туралы» жаңа кодекс қабылдануы тиіс. Денсаулықсаласының жаңа концепциясы жасалуы керек.

    Ең өзектімәселе– мұнайдың жайы өте қиын болып отыр. Мұнай бағасықұлап жатыр. Сыртқы қарызымыз өте көп. Біздің сыртқы қарызымыз – 168 млрддоллар. Бұл ЖІӨ-нен артық. Экономиканың заңдылығы бойынша қарыз ЖІӨ-нің 60пайызынан аспауы керек. Ал біздікі 100 пайыздан асып кетті. Біздің елде әр адамшетелге 9000 доллар қарыз. Мұнайға сендік. Отандық өндірісті дамытпадық. Ғылымдамымады. Мұнай-газдың барлығы бір уақытта бітеді. Шетелде ұлттық экономикағакелетін табыстың 77 пайызы адам капиталы арқылы түссе, 23 пайызы мұнай-газ,қазба байлық, негізгі қор тәрізді ресурстардан келеді. Бізде керісінше,экономикаға табысты қазба байлықтан аламыз, ештеңе шығармаймыз,  мұнайға сеніп отырмыз. Егер ғылым-білімболмаса, экономика қайдан дамиды?!

    Біз ғылымы дамыған қоғам болмай,экономиканы дамыта алмаймыз. Білімді қоғам кез келген қиындықты жеңеді. Болашақтаүкімет осы салаларды дамытуға мән беруі керек. Экономиканы дамытуды адамғабайлау керек. Бізде адам далада қалды, экономика басқа жақта қалды. Экономиканыәртараптандырып, шикізат саласы арқылы дамытудан шығару керек. Инновация,ғылым, азаматтық қоғам дамуы керек. Азаматтық қоғам дегеніміз – әр адамныңдамуына мән беру қажет.  Қандай да болсынтөтенше жағдайда бір президентке қарап отыруға болмайды. Үкімет басшысы, үкіметмүшелері халықтың арасында жүруі керек. Осындай сын сәтте билік халықтыңарасында жүру маңызды екенін жадынан шығармағаны жөн.

ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега