Оқиғалар

Пара алған лауазымды тұлғалар ұстала бастады (видео)

Солтүстік Қазақстан облысының Полициядепартаментінде СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі және СҚО ПДӨзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен анықталған, сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылық фактісін қарастыру бойынша тәртіптік комиссияның шұғылкеңейтілген отырысы болып өтті.

Бейнеселекторлық режимде барлық аудандық бөліністермен Шал ақын ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

21 сәуір Шал ақын ауданында бір миллион үш жүз мыңтеңге көлемінде пара алды деген күдікпен аудандық полиция бөлімі бастығыныңорынбасары ұсталып, уақтыша ұстау изоляторына қамалды. СҚО ПД Тәртіптіккомиссиясының шешімімен ол ішкі істер органдарына теріс себептермен жұмыстаншығарылды. Оның тікелей басшысы – АПБ бастығы атқарып отырған лауазымынанбосатылды. Сонымен қатар, бірқатар басшылар, оның ішінде ПД бастығының екіорынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Пара алу фактісі бойыншаСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегі әріптестермен ҚР ҚК 366-бабыбойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Бүгін мен жаза қолдану туралы бұйрыққа қолқойдым. Біз алдағы уақытта да өз қатарымыздағы құқық бұзушыларға қатаң шараларқолданатын боламыз. Мұндай келеңсіз жәйт барлық жеке құрам төтенше жағдайкезінде ерекше режимде қызмет атқарып жатқан уақытта орын алды. Кез келген сыбайласжемқорлық құқық бұзушылық көріністерінің жолын ымырасыз кесетін боламыз», — дедіСҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.       

Естеріңізге сала кетейік, Facebook әлеуметтікжелісінде Марат Төлебаевтың жеке парақшасы бар https://www.facebook.com/tulebayev.marat.Департамент басшысы аталған парақша арқылы кез келген азаматпен ашық диалогжүргізуге дайын. Сондай-ақ, СҚО Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегіаккаунттарында ведомстводағы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенімтелефондары орналастырылған (61-26-89, 8-700-161-26-89 WhatsApp). Аталған телефоннөмірлері арқылы азаматтар полиция қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері,әсіресе карантиндік іс-шаралармен байланысты фактілер туралы хабарлай алады.

Редакциядан: Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі пара алған мемлекеттік қызметкерлердің видеоларын жариялай бастады. (Видео төменде) 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега