Қоғам

Париж билігі электросамокатқа тыйым салады

Париж — жалға берілетін қос дөңгелекті көліктен бас тартқан Еуропадағы алғашқы қала.

Jasalash.kz

Мұны RTBF телеарнасы хабарлады.

Мәліметке сәйкес қала билігі Lime, Tier және Dott кикшерингтік компанияларымен келісімді ұзартудан бас тартып, 31 тамызға дейін Париждегі барлық электросамокатты алып тастауға міндеттеді. Шектеу 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Кикшерингтік компанияларға қатысты қиындық барын мэр Анн Идильго биыл қаңтарда айтқан, көктемде Парижде референдум болып, нәтижесінде қала тұрғындары көшелердегі жалға берілетін элекросамокаттарға қарсы екені анықталды. Париждегі халық саны — 2.1 млн, ал сауалнамаға 100 мыңы ғана қатысқан. Осыны алға тартып, 3 кикшерингтік оператор басшылары референдум қорытындысын сынады.

Париж тұрғындарының электросамокатқа қарсы шығуына біздің елдегідей мәселе себеп болды. Француздарға самокатшылардың жол ережесін сақтамайтыны, бір көлікке екі-үш адам мініп алатыны және техниканы арнайы орындарға қоймай, кейде Сена өзеніне лақтырып кететіні ұнамайды екен. Статистика бойынша былтыр электросамокат қатысқан жол апатынан 459 адам зардап шегіп, үшеуі көз жұмған.

Франциядағы шенділер мәселені шешу үшін қатаң шара қолданса, Қазақстанда бұл көлік түріне қойылатын талап күшейіп, 30 тамызда «Жол ережесіне» бірқатар өзгеріс енеді. Толық мәліметпен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега