Саясат

Парламентте отыр ғой шал-шауқандар мүлгіген

Індеттің өршуіне байланысты 65жастан асқан мәжілістің 20 депутаты бұда нбылайүйде отырады.

Jasalash.kz

Ал қалған 87 депутат ауыздарына маска киіп, бір-біріненбір орындық ары жайғасатын болды. Бұл жағдайды мәжіліс спикері НұрланНығматуллин «заң жобалары бойынша дауыс беруге кворум сақталса,ештеңе етпейді», деп ақтап жатыр. Яғни, мәжілістегі 107 депутаттыңүштен екісі дауыс берсе, заң жобалары «қабылданды» деп есептеледі. Логикағасалсақ, парламент мәжілісі 20 депутатсыз-ақ жұмыс істей беруге қабілеттіекен. Ал осы жиырма дпутатқа кететін жылдық шығынды, шамамен,есептеп көрейікші. Қызметтік пәтер, көлік, коммуналдық және іссапаршығындарын айтпағанда, әр депутат, ай сайын, орта есеппен, 700 мыңтеңге еңбекақы алады. Жылына, тек, жалақыға 168 млн теңге жұмсалады екен.Әрине, бұл мемлекет бюджеті үшін көп ақша емес. Яғни,жұмыс тиімділігі төмен мұншама қарияның орнына президенттің кадрлықрезервіндегі жастардың білімі мен күш-қуатын неге пайдаланбасқа? Орныносындай жастарға беруге парламенттегі ата-әже болған қарттардың ерік-жігерінеге жетпей жүр? Әлде, жеке бастың қамы мен күйін мемлекет ісіненде жоғары қойған ба? Еліміздегі зейнеақы реформасы бойынша, орташазейнет жасы 63 жастан басталады. Ал статистика бойынша, ерлердің орташаөмір сүру жасы 69,5 жыл екен. Біреуге жағар, біреуге жақпас, дегенмен,зейнет жасына жеткен көкелеріміз ары қарай, орындарын жастарға қалдырып,немере тәрбиесімен айналысса, алаңсыз демалысқа кетсе, дұрыс болар еді дегентілектің құлағы қылтияды. Мұндай ой қорытуға жақында ғана адам миына зерттеужүргізген британ ғалымдарының қызықты тәжірибесі де түрткі болып тұр. Сынаққа4570 жас аралығындағы жеті мың ерікті қатысыпты. Ғалымдар еріктілерден сөздікқор, жадта сақтау және айтылған сөзді есту қабілеттері бойынша тест өткізген.48 жастағылардың арасында ми жұмысының белсенділігі төмендегендер үш пайыздықұраса, 70 жастағылар 10 пайызды көрсеткен.

АлКалифория университетінің психиатрия докторы Джорж Барцокис 23-80 жасаралығындағы еріктілерге 10 секунд ішінде мүмкіндігінше, саусақпен ұзақтүрткілеуді тапсырыпты. Одан соң, қатысушылардың миындағы миелиннің деңгейінзерттеген. Адам миындағы миелин 39 жасқа дейін көп мөлшерде толысады екен де,одан кейін, біртіндеп азая бастайды екен. Ғалымдардың айтуынша, адам миыныңқартаюына осы миелиннің жетіспеуі себеп болатын көрінеді. Ресейде мемлекеттікқызметте жұмыс істейтін адамдардың жасына шектеу қойылған. ЛДПР партиясыныңұсынысымен, Ресей Федерациясы Конституциясының 97 бабында «70 жасқа толғаназаматтарға мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды», деп анық жазылған. Ал біздемұндай бастаманы ешқандай саяси ұйым көтерген жоқ. Егер, бізде де заң нормасыдәл осылай жүзеге асса, онда кімдер демалысқа кетуі керек еді? Тізіп көрелік:Владислав Косырев, 83 жаста, 2012 жылдан бері депутат; Қуаныш Сұлтанов, 75жаста, 2012 жылдан бері депутат; Тұрғын Сыздықов, 73 жаста, 2016 жылдан берідепутат; Бақытқода Ізмұхаметов, 72 жаста, 2012 жылдан бері депутат; ВладимирБожко, 71 жаста, 2016 жылдан бері депутат; Жексенбай Дүйсебаев, 70 жаста, 2007жылдан бері депутат; Гүлжан Қарағұсова, 70 жаста, 2007 жылдан бері депутат;Шаймардан Нұрұмов, 70 жаста; Серік Үмбетов, 70 жаста, 2012 жылдан бері депутат;Ал егер, 63 жастан бастап, зейнеткер шығар болса, онда мәжілістің тең жартысы«жұтап» қалатыны анық. Бұл талапқа сай депутаттарымыздың тізімін де жариялайық:1.Майра Айсина (64 жас), 2.Ирина Аронова (63 жас), 3.Светлана Бычкова (63 жас),4.Гүлмира Исимбаева (63 жас), 5.Василий Олейник (64 жас), 6.Бейбіт Мамраев (63жас), 7.Серік Сейдуманов (63 жас). 8.Екатерина Никитинская, 9.Роман Ким,10.Михаил Чирков, 11.Омархан Өксікбаев, 12.Галина Баймаханова, 13.АсқарБазарбаев, 14.Байділдә Жылқышиев, 15.Бақытжан Ертаев, 16. Бектұрғанов, 17.ЖанатЖарасов, 18.Абай Тасболатов, 19.Сауытбек Әбдірахманов. Ал сенаттағыларға даосындай талап қойылар болса, қаңырап, парламент қабырғалары қаңырап, бос қаларысөзсіз. Бірақ бұрынғы комсомолдар мен коммунистер «комфорт» аймағынан әлі дешыққысы келмейді. Жастардың жолына кесе-көлденең жатқан кеспелдек секілді.Ендігі мәселені қарттардың арына салайық.

Тоқтар ЖАҚАШ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега