Сараптама

Парламенттегі «Шығайбайлар» депутаттардың қылығы халықтың қабырғасына батып жүр

Қазір дағдарыстың дендей түсетінін айтып, болжам жасап жүрген сарапшылар жетерлік.

Jasalash.kz

Пандемия жағдайында тығырықтан шығудың түрлі тәсілдері ұсынылып жатыр. Үкіметшығыны көп, өзін-өзі ақтай қоймайтын біраз жобаны қысқартты. Заңдар да қабылданды.Түрлі қолдау, демеу шаралары атқарылды. Дегенмен елдің көңілінде бір түйткілбар. Осындай сын сәтте халық өзі сайлаған қалаулыларынан тың бастама күткенеді. Әттеген-айы сол – «сайлаған депутаттарымыз ойлағандай болмады-ау» депашынған елдің қарасы көп.

Білесіздер, қазір біздегі халық қалаулыларының еңбекақысы – 900 мыңтеңге. Бұған мемлекеттен берілетін қызметтік көлік, үй-жай, тағы басқабонустарды қосқанда, елде бір депутатқа бюджеттен айына шамамен 1,5 млн теңгежұмсалады екен.  Елдегі орташа жалақы189 000 теңге, ал  ең төменгі жалақы42 500 теңге екенін ескерсек, депутаттардың  айлығы орташа еңбекақыдан 3,7 есе, ең төменгіжалақыдан 16,5 есе көп екен.

      

       Өзге елдерде қалай?

 Басқа елдермен салыстырып көрсек, Украинадағыжоғарғы рада депутаттары айына 40 мың гривен (632 мың теңге) табады. Беларусьтықдепутаттардың табысы 3687 Беларусь рублі (701 мың теңге). ТМД елдері арасындағыең төменгі жалақы алатындардың бірі – қырғызстандық жоғарку кеңеш депутаттары.Қырғыз парламентіндегі орташа жалақы – 30 мың сом (167 100 тг).  Айта кету керек,  пандемия басталған тұста Қырғызстанныңдепутаттары сәуір мен мамыр айының жалақысынан бас тартты. Қырғыз мәжілісі«елде төтенше жағдай болып жатқанда екі ай жалақы алмаймыз» деді. Ал біздіңдепутаттар бұл жағдайға байланысты біркүндік жалақысын ғана аударды. Осындайда,расымен де, «халық қиналып отырған тұста сол ел сайлаған депутаттар неге жоғарыжалақы алуы керек» деген сауал туындайды.

  

       «Жалақылары 200мың теңге болсын

Әлеуметтанушы-маманАрдақ Ерденбековтің пайымынша, үкімет қазіргі жағдайды пайдаланып мәжілісмендермен сенаторлардың жалақысын қысқартуы керек. «Депутаттардың жалақысын 200 мыңтеңгеге дейін төмендетуді ойластыру қажет. Әр депутатқа 1,5 млн теңгеге дейіншығындалғанша, олардың санын қысқартып, жалақысын азайтқан жөн», –  дейді маман.

Жалпы, деректерге жүгінсек, төтенше жағдайкезінде елде  4 млн 208 адам жұмыссызқалыпты. Олардың 3 млн-нан астамы  екі айбойы үкімет берген 42 500 теңгені ғана талғажау еткен. Осыған орай, АрдақЕрденбеков мынадай  пікір білдірді:«Қарапайым халық 42 500 теңгемен күн көрді. Ал мұндай сын сағаттадепутаттар да жалақысын азайтсын. Өздері сондай бастама көтерсін» дейді.

 

    Қиын күндер алда

  Сарапшылардың болжамынша, халықты абдыратқан қытайвирус күзде қайтаоралатын болса,  әрбір екіншіқазақстандық жұмысынан айырылуы әбден мүмкін. Ал мұндайда халыққа оңай болмасытағы анық.

   Негізінен, осы пандемия келмей тұрып та халықты қымбатшылық қамытықысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтың арқасындағы жүгі одан сайынауырлай түскен еді.  Мұны ескерген елпрезиденті  Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы тұрмысы төмен елдің несиесін кешіріп, бірмәрттік жасаған  еді. Бірақ сол тұста  депутаттардың арасында «мемлекет есебінен күнкөруді доғару керек, олардың несиесіне дейін кешіріліп жатыр,  мемлекетке масыл болғанды қою керек» дептәлімсігендер де болды. Бұдан бөлек, былтыр үкімет көпбалалы аналарға көмектесумақсатында әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы тағайындаған  еді. Енді биыл үкімет оны көпсініп, жәрдемақыныңкөлемін азайтып тастады.   Ал бұған қатысты «қазір халыққа қиын, елдіқымбатшылық қысып тұр» деп,  қарсы пікір  білдірген бірде-бір депутат шықпады. Осылайшахалықтың сөзін сөйлеуге келгенде бүгежектеп қалатын депутаттарды көпшілік қауым елге келгенде мәрттік таныта алмайтынсараң, «шық бермес Шығайбайға» теңеп жүр. Олардың бұл  қылығының халықтың қабырғасына батқанысоншалықты – қазір тіпті «парламентті тарату керек» дейтіндердің қарасы көбейді.

Тақырыпқа тұздық

  

   Депутаттар халықтыңжағдайын сезінбей отыр

     Тақырыпқа орай, «Жас Алашқа» пікір білдіргенсаясаттанушы Әзімбай Ғали былай дейді:

Өте орынды көтерілген мәселе.Халықтың алдында сүйкімінен, қадірінен айырылмауы үшін депутаттар мұндайқадамға баруы керек еді. Олардың депутаттық жалақыдан бөлек, көлденеңтабыстары, бизнестері тағы бар.  Депутаттардың кейбірі осы бизнестеріне ешкімдітигізбей, өз кәсіптеріне қорған болуы үшін де парламентте отыр. Мұндай қиынжағдайда тым құрығанда «50 пайызын емес, жалақымыздың 30 пайызын халыққа көмекретінде берейік» дейтін бірде-бір депутат шықпады. Кейде олардың арасындапопулизм үшін, халықтың көңілін аулап сөйлеп қоятындары бар еді ғой. Алқазіргідей пандемия кезінде неге солар «жалақымызды 30-50 пайызға қысқартайық,халыққа көмек болсын» деп ұсыныс тастамайды?! Үндемейді. Депутаттар халықтыңжағдайын сезінбей отыр. Оларда халыққа деген  жанашырлық өте аз.

ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«ЖасАлаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега