«Парламенттік оппозиция» демократияның «декорациясы» ма?
Өткен аптада мәжіліс «Парламент жәнеоның депутаттарының мәртебесі туралы» заң жобасын қабылдады.
Жалпы, парламентке «парламенттік оппозиция» деген атауды енгізудің өзі ел тарихында бірінші рет болып отыр. Демек, мұны демократияның ыңғайына орайластырыла жасалған қадам деп түсінгеніміз жөн. Бір айтакететін жайт, бұл «Ақ жол» партиясының жеңісі деуге болады.
«Парламенттік оппозиция туралы» заңды партия 2013 жылдан бері ұсынып келді. Жолы енді болғанға ұқсайды. Әрине, бұл «Ақ жол»партиясы аяқасты парламентте оппозициялық бағыт ұстанады деген сөз емес. Келесі сайлауда партияларарасында кім екінші орынға шығады, соның «парламенттік оппозиция» болуына мүмкіндігі болады. Хош делік. Заңға сәйкес, мәжілістің бір тұрақты комитетініңтөрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланбақ. Жөн-ақ. Парламенттік оппозицияның қандай құқы бар дегенге келсек, үзіп-жұлып бара жатқан ештеңе жоқ. Дегенмен мемлекет пен қоғам өмірініңөзекті мәселелері бойынша парламенттік тыңдауларға бастамашылық жасау,парламенттік сессияда кемінде екі рет «үкімет сағаттарының» күн тәртібінайқындау, сонымен қатар өзі келіспейтінүкіметтің заң жобаларына балама ұсыну секілді мүмкіндіктерге ие. Барлығы дұрыс. Алайда алдағыпарламенттік сайлауда қай партиялар додаға түсіп, парламентке енуі мүмкін? Ең үлкен мәселе осы.
Рас, «Саяси партиялар туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізіліп, партия құру мен тіркеу талабы 40 мың адамнан 20 мыңадамға төмендетілген. Бірақ бұл саяси партияларды тіркеуге даңғыл жол ашылды деген сөз емес. Кедергілер жетерлік. Азаматхан Әміртай, Жанболат Мамай, Тоғжан Қожалиева секілді әртүрлі қоғамдық ұйымдардың басшылары партияқұруда үлкен бөгеттер бар екенін айтыпкеледі. Демек, біздің елде «партия құрамын» деу не болмаса «партия құруға барлық мүмкіндік жасалды» деу айтарға жеңіл болғанымен, іс жүзінде мың кедергі, мың бөгет бар екені көрініп тұр. Егер де алдағы парламент сайлауына дейін елде жаңа партиялар тіркелмей, тағы да «Нұр Отан», «Ақ жол», коммунистер додаға түсетін болса, онда «баяғы жартас – сол жартас»күйінде қалғаны.
Бұл жерде тіркеуден өткен, бірақ аты бар да, заты жоқ «Ауыл», «Бірлік» «ЖСДП-Ақиқат» партиялары туралы сөзқозғаудың өзі артық. Ал «Ақ жол» мен коммунистер «Нұр Отанның» айтқанына иекартқан, солардың дегенінен шықпайтынпартиялар. Бұларға деген халықтың сенімі аз. Демек, қоғамға өзгеріс әкелетін, қоғамның локомотиві болуы тиісжаңа партиялар тіркеліп, сайлауға түсіп, парламентке өтуі керек. Сонда ғана елде серпіліс болмақ. Ал алдағы сайлауда тағы да «НұрОтан» және биліктің ыңғайымен жүретін, ишарасын орындайтын «Ақ жол» менКоммунистер партиясы парламентке келіпжатса, онда қоғамның сол пұшайманқалпында қала берері анық.
Дос КӨШІМ, саясаттанушы
Оппозиция қалай жасалады?
Біріншіден, бір мәселені түсініп алайық.«Парламенттік оппозиция» деген ұғымның қоғамдағы оппозициялық құрылымдарғаешқандай қатысы жоқ. Әрине, егер өздерін оппозициялық партиямыз деп атайтынқұрылым сайлауда жеңіп шықса, парламент қабырғасында осы заңның («Парламент және оның депутаттарыныңмәртебесі туралы») шеңберінде жұмыс жасайды. Ал ол күнге дейін қазіргіжұптарын жазбай отырған депутаттардың бір бөлігі, меніңше, партиялық белгісінеқарай «парламенттік оппозицияның» рөлін атқарады. Қас батырлар мен орақ ауызшешендерді енді көретін сияқтымыз.
Екіншіден, болашақта парламенткеоппозициялық партиялардың келу мүмкіндігін ескере отырып, олардың заң шығарушыоргандағы жұмысын реттейтін заңның болғаны, әрине, құптарлық мәселе. Олайболмаған жағдайда парламенттегі басым (мүшелері көп) партия ойларына келгенінжасап, қарсы пікірдегі топқа не сөз бермей, немесе мәжілістегі лауазымменбөліспей қоюы ғажап емес. Мен бұл жерде өркениетті елдердің парламентін айтыпотырған жоқпын; ол жерде кез келген депутат өзінің ойындағы сөзін не бастамасынашық айтып, жариялай алады, ал біздің парламентте өз пікіріңді ашық айтумәселесі – болашақтың күн тәртібіндегі мәселе.
Үшіншіден, осы жерде заңғаөзгерістер енгізу мақсатын түсіндірушінің баяндамасына тоқтала кетуге туракелетін сияқты. Өз басым оның «Парламенттік көпшілікке қарағанда оппозициясаяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позиция ұстанады» дегенсөзіне келіскім келмейді. Әрбір депутаттың өзіндік пікірі бар, сондықтан ресмиоппозиция өкілдерінің кейбір мәселеде билік партиясының бастамасын қолдауы(немесе керісінше, оппозицияның бастамасын биліктегі партия мүшелерініңқолдауы) – әлемдік тәжірибеде көп кездесетін, ешкімді таңғалдырмайтынмәселе. Сондықтан «басқа позицияұстанады» деп кесіп айту артық. Әрине, оппозициялық саяси партия парламенткекелсе, олардың мүшелері «бір адамдай» дауыс беруге күш салады, бірақ бұлжердегі әңгіме оппозициялық ойы жоқ, оппозициялық пікірі жоқ, оппозициялық фракциясыжоқ Қазақстан парламентіндегі «парламенттік оппозиция» туралы болып отыр. Мүмкін,заң қабылданған соң, оппозициялық фракция пайда болар, алайда оныңжасандылығына ешкім шек келтірмейді деп ойлаймын. Бұл жердегі менің дәлелім қарапайым:бірінші – оппозиция өмірге келеді де, соның жұмысын реттеу үшін заң қабылданадынемесе заңға өзгерістер енгізіледі де, «оппозиция» пайда болады.
Түсіндірушінің «Парламенттікоппозиция қандай да бір мәселе бойынша өз ұстанымын білдіруге кепілдіккөзделген» деген жаңалығын мүлдем түсіне алмадым. Меніңше, мұндай кепілдік –кез келген адамның туабітті құқығы. Ал депутаттарға келетін болсақ,қолданыстағы заңның 31-бабын («Депутат өкілеттілігін жүзеге асырудың кепілдіктері»)қараңыздар.
Түсіндірушінің «Сондай-ақ оппозиция өзі келіспеген үкіметтің заң жобаларынабалама ұсынатын болады» немесе «Заң жобасында саяси партиялар фракцияларыбасшыларының, парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, парламент мәжілісініңжалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында,парламенттік тыңдаулар мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілдік берілгенқұқығын бекіту көзделеді» деген «жаңалықтары» қазақ парламентін жерге қарататынұсыныс. Қолданыстағы заңда мұндай мүмкіндіктер 15-бапта («Заң шығарубастамашылдығы»), 25-бапта («Парламент депутаттарының өкілеттілігі») баяғыданбар. Егер бұл мүмкіндікті осы уақытқа дейін бірде-бір депутат қолданбаса, оған заң кінәлі емес деп ойлаймын. Осыуақытқа дейін парламентте болмаған сөз бостандығын заңмен бекітіп, оған«парламенттік оппозиция» деген ат беруді парламент беделін түсіру деп білемін.
«Енді мәжілістің бір тұрақты комитеттөрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады» деген бастама, біржағынан, дұрыс сияқты (барлық лауазымды орындарды көпшілік партия алып қоймасүшін), бірақ көпшілік партияның мүшелері мәжілістің 51 пайызын алып, оппозицияжағы 49 пайызға ие болғанда «парламенттік оппозицияға» жеті тұрақты комитеттіңбіреуін ғана беруі әділеттік бола қоймайтыны белгілі. Ондай жағдайда «азшылық»кем дегенде үш комитетті басқару құқығына ие болуы шарт. Әлде заңға өзгерісенгізудің бастамашылары көпшілік партиясы 80-90 пайыз болады да, «парламенттікоппозиция» 7-8 адамнан аспайды деген ойдың төңірегінен шыға алмай отыр ма?
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінібар. Егер парламентке Қазақ елінің болашағы мен бүгіні жөнінде қазіргі биліктенмүлдем басқа бағыт ұстанған (бұрын коммунистік партияның басшы қызметтеріндеболмаған, осы отыз жылдың ішінде не атқарушы, не заң шығарушы билікте болмаған)оппозиция келсе, сөз жоқ, оның жұмысын реттейтін заң керек. Бірақ осы түзетулерөмірге енген күннің ертеңіне қазіргі парламенттің ішінен «парламенттік оппозиция»пайда болса, онда бұл мен айта беретін демократияның «декорациясы» болыптабылады.
Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»