Әлеумет

Павел Дуров Ресейдің айыптауына жауап берді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресейдің өзін террористер мен экстремистер тізіміне енгізу туралы шешіміне пікір білдірді.

Фото: @durov / Instagram

Ол X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Ресей билігі бұл шешімді өзінің Telegram платформасында жаппай бақылау жүргізу және цензура енгізу талаптарын орындаудан бас тартқанымен байланыстырғанын айтты.

«Ресей мені Telegram-да жаппай бақылау мен цензура енгізу талабын орындамағаным үшін террорист деп таныды», – деп жазды Дуров.

Оның айтуынша, Ресей заңнамасына сәйкес өзіне «интернетте ақпарат жариялауға тыйым салынған». Жазбасының соңында кәсіпкер Ресей билігінің әрекетін мысқылмен бағалады

«Ресей шенеуніктері интернетте кім кімді шектей алатынын өздері де шатастырып алған сияқты», – деп жазды Павел Дуров.

Сайт Әкімшілігі