Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау кезінде жұмысшы қаза тапты.
Қайғылы оқиға туралы «Казхром» ТҰК баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 20 сәуір күні болған.
Компанияның мәліметінше, металл ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде ұсатушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Оқиғадан кейін кәсіпорын мемлекеттік органдарға хабар беріп, тексеру басталған.
«Казхром» компаниясы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, туыстарына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы ресми тергеу барысында анықталады.
Еске салсақ, 2025 жылдың қыркүйегінде Ақсу ферроқорытпа зауытында үш қызметкерін күйік шалған болатын.