Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан топ анықталды
Павлодар облысында 15 жылқыны ұрлады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Аққулы ауданында 15 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен бірнеше ер адам анықталды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлердің мәліметінше, жылқылар иелерінің қарауынсыз жайылып жүрген жерінен ұрланған.
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.