Әлеумет

Павлодарда  жолда қалып қойған 80 адам құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды-Семей бағыты бойынша жолға шыққан автобустың 24 жолаушысы шұғыл Екібастұз шаһарына жеткзілген.

Jasalash.kz
Сөйтіп, сол қаладағы № 7 мектепке орналастырылыпты.24 желтоқсан күні түнгі сағат 23:00-де жолаушылар көлігі қатты аязға және облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуына байланысты тоқтатылды. - Сондай-ақ, бүгін, яғни 25 желтоқсан түнде сағат 01:50-де Новосібір-Тәжікстан бағыты бойынша жолға шыққан көліктен 56 адам Успен аграрлық-техникалық колледжінің жылыту пунктіне орналастырылды,-дейді Павлодар облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. Мамандардың айтуынша, Новосібір-Тәжікстан бағытындағы автобус ішінде кішкентай бала да болған.Абырой болғанда, осы екі жағдайда ешкімге медициналық көмек қажет болмапты. Айта кетерлігі, кеше сағат кешкі бестен кейін барлық бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін темір тұлпарлар үшін қозғалысқа шектеу қойылған болатын.Бүгін өңірде сынап бағанасы 35 градусқа дейін төмендеп, 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы тәулікте де осындай ауа-райы жалғасады. Сондықтан мектеп оқушылары жаңа жыл қарсаңында кезектен тыс тағы демалысқа шығуы мүмкін.«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Ертіс өңірінде 25-інен 26-шы желтоқсанға қараған түні ауа температурасы 38 градусқа төмендеуі ықтимал.  Сондықтан төтеншеліктер жұртқа алыс жолға шықпауды ескертіп,  көшеде де көп жүрмеуге кеңес береді.Фото автордікі.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега