Без Категории

Пентагон басшысы Остин Украинаға барды

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин дүйсенбі күні таңертең Киевке барды. Бұл туралы министр twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Фото: aa.com.tr

Ол Пентагон басшысы ретінде Украинаға төртінші рет барып отырғанын атап өтті.

«Мен Украинаға Қорғаныс министрі ретінде төртінші рет оралдым, бұл Америка Құрама Штаттары халықаралық қоғамдастықпен бірге Украинаны қолдауды жалғастырып жатқанын көрсетеді», - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Остин Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен және қорғаныс министрі Рүстем Умеровпен кездеседі деп күтілуде.

Nazym Sapar
Тегтер: Пентагон