Сараптама

Пентагон Украинаға күші аз уран снарядтарын береді. Бұл қару қаншалықты қауіпті?

6 қыркүйекте Киевке келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын жаңа көмек пакетін жариялады.

Jasalash.kz

Бұл көмек Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін қолдауды да қамтиды.

Блинкен АҚШ-тың қолдауы Украинаның қарсы шабуылына көмектесуі керек деді.

«Кейінгі бірнеше аптада Украина қарулы күштерінің жалғасып жатқан қарсы шабуылының ілгерілеуі жеделдеді. Бұл жаңа пакет оның қарқынын сақтауға және одан әрі қолдауға көмектеседі», — деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен бірлескен баспасөз мәслихатында.

Американың күші аз уран снарядтарының Украинаға жеткізілгені туралы ақпарат Пентагонның ресми сайтындағы баспасөз хабарламасында расталды. Бұл снарядтар АҚШ-тың 175 миллион доллар көлеміндегі әскери көмегінің кезекті траншының бір бөлігі ретінде жіберіледі.

Сонымен қатар,  HIMARS зымыран жүйелеріне арналған қосымша оқ-дәрілерді, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған жабдықтарды, Javelin және AT-4 танкке қарсы жүйелерін, сондай-ақ Abrams танктеріне арналған 120 миллиметрлік уранның күші аз  танк снарядтарын қамтиды.

2023 жылдың наурызында Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі британдық Challenger 2 танктері үшін Украинаға күші аз уран оқ-дәрілерін жіберетінін растады.

Бұл мәлімдеме Ресей шенеуніктерінің, соның ішінде президент Владимир Путиннің өткір реакциясын тудырды. Путин Ресейдің Беларуське тактикалық ядролық қаруды орналастыруының себебі ретінде Ұлыбританияның Украинаға күші аз уран снарядтарын жеткізу шешімін атады.

Сонымен бірге ВВС Украина мен ресейлік қару-жарақ сарапшыларына сілтеме жасап, байытылған уран оқ-дәрілері Ресейде көптен бері шығарылып келе жатқанын жазды.

фото: Getty Images

Күші аз уран деген не?

Күші аз уран — байытылған уран өндірісінің жанама өнімі.

Ол өзінің жоғары тығыздығымен және беріктігімен ерекшеленеді және осы қасиеттеріне байланысты әскери техниканың сауыттарын өндіруде де, оқ-дәрілерді өндіруде де қолданылады. Құрыш тесетін снарядтардың өзегі негізінен күші аз ураннан тұрады.

Күші аз уран улы және канцерогенді (ауру тудыратын) болып саналса да, жоғары радиоактивтілікке ие емес.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік күші аз  уранның табиғи уранға қарағанда радиоактивтілігі әлдеқайда аз екенін растады.

Агенттіктің хабарлауынша, күші аз уран жарылыстарына ұшыраған әскери қызметкерлердің денсаулығына жүргізілген зерттеулер әсер ету персонал өлімінің статистикалық маңызды өсуіне әкелмейтінін растайды.

Неліктен күші аз уран снарядтары соғыс кезіндегі ең үлкен экологиялық қауіп емес?

Күші аз уран снарядтарын 2023 жылдың наурыз айында жеткізу туралы уәде Ресейге тактикалық ядролық қаруды Беларуське беруге сылтау екенін айтады  BBC әскери тілшісі Павел Аксенов.

Сол кезде Владимир Путин бұл снарядтар нысанаға тиген кезде пайда болатын «радиациялық шаңға» байланысты қауіпті екенін айтты.

Күші аз уран шынымен де радиоактивті зат, бірақ оны пайдалану халықаралық деңгейде тыйым салу үшін қауіпті емес. Күші аз уран ядролары бар субкалибрлі зымырандар ешбір конвенциямен тыйым салынбаған.

БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының 2022 жылға арналған баяндамасында әртүрлі аурулардың даму қаупіне байланысты Украинада күші аз уран оқ-дәрілерін пайдалану мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді. Бірақ сол есепте бұл заттың радиологиялық емес, химиялық белсенділігіне байланысты қауіптірек екені айтылады..

Күші аз ураннан жасалған снаряд ядролары соғыстағы жалғыз, мүмкін, ең үлкен экологиялық қауіп емес.

Мысалы, Ресейдің Украинаға қарсы қолданған Х-22 әуеден ұшырылатын қанатты зымыраны өте улы АК-27И — мен толтырылған. Бұл тіпті осы зымырандарды ұстайтын ресейлік әуе базаларының қызметкерлеріне де өлім қаупін тудырады.

Бірақ ресейлік армия дәлдігі төмен және екі компонентті отынның өте уыттылығына қарамастан, бұл зымыранды пайдаланудан бас тартпайды. Бұл зымыранды атып түсіру өте қиын және оның оқтұмсық күші жоғары.

Т. Раушанұлы
Тегтер: Без Тега