Перизат Қайраттан тәркіленген көлік кімдерге бұйырды?
Перизат Қайраттан тәркіленген қымбат 4 көлік енді мемлекеттік органдардың пайдалануына беріледі. Бұл туралы Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, көліктер мына мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне өткізілген:
– Lexus LX 600 – Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА);
– Mercedes-Benz S450 – Астана қаласы Полиция департаментіне;
– Haval H6 GT – Астана қаласы Полиция департаментіне;
– Mercedes-Benz EQE 500 – Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.
Айта кетейік, бұл көліктер Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген мүлік қатарына енген. Заңнамаға сәйкес, сот шешімімен мемлекет меншігіне өткен активтер кейін мемлекеттік органдардың қажеттілігіне берілуі немесе белгіленген тәртіппен басқарылуы мүмкін.
Қазіргі таңда аталған автокөліктер тиісті мемлекеттік мекемелердің қызметтік мақсаттарына пайдаланылатын болады.