Қоғам

Перизат Қайраттан тәркіленген көлік құқық қорғау органдарына берілді

Перизат Қайраттың ісі бойынша тәркіленген автокөліктер құқық қорғау органдарының қарауына берілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді.

Фото: zhasalash.kz

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес аукционға шығарылғанымен сатылмай қалған тәркіленген мүлікті мемлекеттік және құқық қорғау органдары тегін пайдалануына алады.

Комитет төрағасы мұндай тәжірибе бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оның сөзінше, жаңа қызметтік көліктер сатып алудың орнына мемлекет тәркіленген әрі сатылмай қалған мүлікті тиімді пайдалана алады.

Сондай-ақ Әділбеков тәркіленген тұрғын үйлердің әкімдіктердің коммуналдық меншігіне берілетінін, кейін оларды жергілікті атқарушы органдар өз тәртібімен бөлетінін жеткізді.

Сайт Әкімшілігі