Қоғам

Перуде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз әскери қызметкер қаза тапты

Перудің оңтүстік-шығысында әскери тікұшақ құлап, борттағы тоғыз адамның сегізі көз жұмды. Тағы бір әскери қызметкер ауыр жарақат алды.

Фото: ашық дереккөз

Елдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тікұшақ Апуримак, Эне және Мантаро өзендері аңғарларын қамтитын VRAEM деп аталатын шалғай аймақта құтқару миссиясы аясында патрульдеу жұмыстарын орындаған.

Апат салдарынан Әуе күштерінің бес әскери қызметкері мен Құрлық әскерлерінің үш сарбазы қаза тапты. Олардың үшеуі тікұшақтан эвакуацияланғаннан кейін алған жарақаттарынан көз жұмған.

Аман қалған жалғыз адам – тікұшақ командирі әрі ұшқыш Энцо Эспиноса Роке. Ол арнайы медициналық көмек көрсету үшін Лима қаласына жеткізілді.

Сайт Әкімшілігі