Саясат

Песков ең жақсы демократия Ресейде екенін айтты

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Білім.Бірінші» марафоны барысында ең жақсы демократия Ресейде екенін және ол әлі де құрылатынын айтты.

Фото: РИА Новости / Владимир Астапкович

Ол демократияны сынайтын кейбір елдердің сыны орынсыз деп есептейді.

"Біз бұдан былай демократиямызды сынауға және оның талаптарына сай емес деген айыптауларға төзбейміз. Біздің демократия - ең жақсысы және біз оны құруды жалғастырамыз", - деді Песков.

Ол сондай-ақ Ресейдің тең, адамгершілік, өзара тиімді қарым-қатынасқа дайын барлық елдерге әрқашан ашық болып қала беретінін қосты.

Айта кетейік, Ресей 2023 жылы Economist журналының аналитикалық бөлімшесі Economist Intelligence Unit-тің әлемдік демократия индексінде 167 елдің ішінде 146-шы орынға төмендеп, авторитарлы мемлекеттер тізімінде тұр. Оған Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық әрекеттері, соғысқа қарсы мәлімдемелері үшін белсенділер мен саясаткерлерді қудалау, сондай-ақ БАҚ-ты бақылау себеп болған.

Фото: РИА Новости. Владимир Астапкович

Т. РАУШАНҰЛЫ