Қоғам

Петропавлда әскери қызметкер әріптесінің атқан оғынан көз жұмды

Петропавлда 38 жастағы «Бүркіт» арнайы жасағының жүргізушісі болған, ұлттық ұланның әскери қызметкері ішіне тиген оқтан қаза тапты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

«12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда атқан оғынан жараланып, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда оны құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты ішкі тергеу тағайындалды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

 

Т. РАУШАНҰЛЫ