Қоғам

Петропавлдық блогер аза тұту күніндегі әдепсіз әрекеті үшін 10 тәулікке қамалды

Полиция Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде теріс қылық жасаған Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконы анықтады.

Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі болғандай, блогер аза тұту күні тікелей эфирде билеп, "біреу қайтыс болды деп, мен де аза тұтуым керек пе?" деп айтқан.

Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. 

29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді. 

Сайт Әкімшілігі