Қоғам

Пневмониядан бір адам қайтыс болды

2020 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты тағы 138 жағдай тіркелді.

Jasalash.kz

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия хабарлады.

«Өкінішке қарай, коронавирус пневмониясымен ауырып жатқан науқастардың ішінде 1 адам көз жұмды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде 82 адам аталмыш дерттен жазылып шыққан.

Айта кетсек, 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған науқастар саны 43 773 адамға жетті. Өлім жағдайлары – 463. Барлығы 31 364 адам сауығып шықты.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега