Баған

Поэзия Құлагері

Биыл қазақтың 3бәйтерегі атанған Сәкен СЕЙФУЛЛИН, Ілияс ЖАНСҮГІРОВ пен Бейімбет МАЙЛИННІҢ 125жылдығы.

Jasalash.kz

Алаштың ардақты ақын-жазушыларын қазақ халқы еске алып, мерейтойларынатап өтіп жатыр. Жетісу төрінде қазақ поэзиясының құлагері – ІлиясЖансүгіровтің 125 жылдығына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Небәрі 44 жыл өмір сүріп, артында өшпес мұра қалдырған Ілияс Жансүгіровті әлем "Құлагер" поэмасы арқылы таныды. Бірақ, азғантай өмірінде 500-ге жуық әдеби туынды жазғанын көпшілік біле бермейді. Ғылыми конференцияға жиналған ғалымдар бірауыздан ақынның шығармалары жеткілікті дәрежеде зерттелмей жатқанын айтты. Қазір Талдықорғандағы Жетісу мемлекеттік университетінде Ілиястану орталығы жұмыс істеп тұр. Орталықтың алға қойған негізгі мақсаты — ақын шығармасы мен оған қатысты зерттеу еңбектерінің 40 томдығын басып шығару.

Сайлау ҚОЖАҒҰЛОВ, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ профессоры: «Ілиясты зерттеудің методологиясы қалыптасқан. Дегенмен, оның шығармашылығын тілдік тұрғыда, яғни, семантикалық ерекшеліктерін зерттеу жағы сәл ақсап тұр. Бір ғана “Жетісу суреттерінде” бүкіл өңірдің фауна-флорасын айтқан. Бұл шығармадағы өзен-су, өсімдіктердің, емдік шөптердің аттарын зерттеп, қолданысқа енгізуге болады. Қазір Семейде Шәкәрімтану орталығы бар. Алматыдағы ҚазҰПУ-де Абайтану орталығы бар. Сондықтан біз Ілиясты осындағы барлық студенттерге толық танытуымыз керек деген мақсат қойдық. Сондықтан Ілиястану орталығының қызметкерлері барлық мамандықтарға 1 семестр 2 кредитпен Ілиястану пәнін оқытады

Жиналғандар қазақпоэзиясында өзіндік із қалдырған ақынның сатира, публицистика және өзге дежанрдағы шығармалары оқырманға әлі де толық жетпей жатқанын айтты. Мәселен, “БақыттыЖамал” мен “Қуат” поэмалары сирек кездесетін қолжазбалар қорынан  былтыр ғана алынған екен. Яғни, 86 жыл өткенсоң табылған. Ал, ақын шығармашылығының тілдік ерекшеліктері зерттеугежеткілікті мән беріліп жатқан жоқ.

«30-жылдары ең өнімді жазған екі қаламгер болса, соныңбірі – Бейімбет, екіншісі – Ілияс. Оларға жаратушының берген дарыны шығар. Аз уақытішінде сондай жылдамдықпен 19 поэма, жүздеген шығарма жазып үлгерді. Жазбапоэзияда Ілиястан асқан эпик ақын болған жоқ. Оның “Құлагер”, “Күйші” сияқтыбір леппен құыйла салған поэма бізде әлі жоқ. Ұлыларды осындай айтулымерейтойда ғана айтып, еске аламыз да содан кейін айтпай, жазбай кетеміз. Бұл — біздің кемшілігіміз. Ілястың шығармашылығы көп зерттелмеген. Оның сатирасы,лирикасы, публицистикасы мен 30-жылдары газет-журналдардағы фелетондары біршама.Осыларды жинақтап, зерттеу қажет. Өкінішке орай, қазір ұлы ақынның шығармаларыоқырмандарға көбіне мектеп оқулықтары арқылы жетіп отыр. Егер Ілияс еңбектерінзерттеген ғалымдардың, оның өз еңбектерін жинақтап, басып шықса үлкен еңбекболар еді»,-дейді ақын Бауыржан ЖАҚЫП.

Ақынның мерейтойынатуған-туыстары да жиналды.

Фатима ЖАНДОСОВА, І. Жансүгіровтің немересі: «Ілияс Жансүгіров — қазаққа жарық пен үміт сыйлаған адам. Өмірі енді ғана басталған сәтте атылып кетті. Бірақ, аз уақытта жасаған еңбегіне мән беріп қарасаңыз мәңгілік бізбен жасап келе жатқанын көруге болады. “Құлагер” поэмасы неміс тіліне аударылды. Демек, оны әлем таныды деген сөз.»

Талдықорғанда 1984 жылы Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед ҚОНАЕВ пен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ашқан Ілияс Жансүгіров музейі бар. Мұнда ақынның өмірі мен шығармашылығына тікелей қатысты 6 мыңға жуық жәдігер сақталған. Жеке төлқұжаты мен немістің “Мерседес” жазу машинкасы да мұражайға тапсырылған. Ілияс Жансүгіров 1938 жылдың ақпан айында халық жауы деп танылып, атылған болатын. Араға 20 жыл салып, 1958 жылы ақталды.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега