Саясат

Полиция оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды ұстады

«Facebook» әлеуметтікжелісінде тараған ақпарат бойынша, Демократиялық партияны ұйымдастырушыбастамашыл топ өкілдері Жанболат Мамай мен Нұрбол Байтерековты полиция ұстаған.

Jasalash.kz

Әзірге құзырлы органдаролардың не себепті ұсталғаны жөнінде ресми ақпарат таратқан жоқ. Бейресми ақпаратбойынша, Жанболат Мамай мен Нұрбол Байтереков Қарасай аудандық ішкі істербасқармасына жеткізілген.

Бұған дейін, кешкісағат 18:00 шамасында полиция Демпартияның Алматыдағы тағы бір мүшесі ЖанболРахметолланы ұстаған.

Ақпанның 19-ы күніЖанболат Мамай, Төлеген Жүкеев, Қадіржан Асқаров және Рысбек Тоқтасын бастағанДемократиялық партияны құрушы бастамашыл топ өкілдері жақтастарына жасалыпжатқан жаппай қысымдар мен ұсталуларға байланысты 22 ақпан күні құрылтайөткізбейтіндерін мәлімдеген. Олар оның орнына дәл осы күні митингігешығатындарын айтқан.

Демократиялық партия өкілдері 2019 жылдың 22 желтоқсанкүні 1122 адамнан құрылған бастамашыл топты әділет министрлігі тіркегенінхабарлап, 22 ақпан күні құрылтай өткізетіндерін мәлімдеген.

Фото: Азаттық радиосы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега