Қоғам

Полицейлер дрон арқылы қарызы бар көліктерді анықтап жатыр

Түркістан қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дрондар мен "Қорғау" жүйесін тиімді пайдалануда.

Полиция

Заманауи технологиялардың көмегімен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысын бақылау және күдікті әрекеттерді дер кезінде анықтау мүмкіндігі едәуір артты.

Атап айтқанда, әуеден жүргізілген бақылау барысында 190 мың теңге көлемінде айыппұлы бар "Changan" автокөлігі анықталып, айыптұраққа қойылды. Аталған көлік иесінің құқық бұзушылықтарының басым бөлігі жылдамдықты арттырумен байланысты.

Сонымен қатар "Chevrolet Monza" автокөлік ең ірі берешегі бар көлік ретінде тіркелді.

Жыл басынан бері берешегі бар 2500-ден астам автокөлік айыптұраққа қойылған.

Сайт Әкімшілігі