Әлеумет

Польшада тыңшылықпен ұсталған қазақстандық шенеунік босатылды

Польшада Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қамалған Қазақстанның әскери қызметкері Әнуар Бақыбай Польша мен Беларусь арасындағы тұтқын алмасу шарасы кезінде елге қайтарылған еді.

КМБПЧ

Оның 28 сәуірде бостандыққа шыққаны белгілі. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Айбек Смадияровтың айтуынша, мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілген.

«Мемлекет басшысы таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей Президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды», – деп жазды Смадияров.

Мемлекет басшысы Польша Президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ.

Сайт Әкімшілігі