Саясат

Пошел, посол!

Ұлыбритания бастаған әлемнің ондаған мемлекеті ресейлік елшілерді елдерінен қуып жатыр.

Jasalash.kz
АҚШ және Еуропа одағына кіретін бір қатар елдер  Ресей Федерациясының дипломаттарын елдеріне қайтармақ. Бұған Ұлыбританиядағы Солсбери оқиғасы түрткі болған еді. Ресейдің бұрыңғы барлау қызметінің офицері Сергей СКРИПАЛЬ уланып, премьер-министр Тереза МЭЙ 23 дипломатты қайтаратынын мәлімдеген.Ресми Лондонның бұл шешіміне Канада, Белгия тағы да басқа мемлекеттерде қосылды. Бұл туралы dsnews.ua украиналық интернет басылым хабарлады.Украинаның қауіпсіздік қызметі британиядан қуылған 23 Ресей азаматын өз еліне кіріге тыйым салып тастады. Бельгия үкіметіне Ресейге қатысты санкцияға қосылып, бір елшілік қызметін Бельгиядан шығарып жібермек. Словакия президенті Андрей КИСКА СІМ неге Еуропа одағы елдеріне кіретін серіктестеріне қосылмағанын түсіндіруін талап етті. Бүгін бүл мәселе мемлекеттің қауіпсіздік кеңесінде қаралады.Ирландия үкіметі кеше бір ресейлік дипломатты еліне жіберетінін хабарласа, Канада сыртқы істер министрі Христи ФРИЛАНД төрт дипломатты елінен қуатынын мәлімдеген болатын. Монреалдағы РВ бас консулында қызмет ететін ол төрт «дипломат» барлау қызметінің қызметкерлері деген еді.Австралий екі ресейлік дипломат-тыңшыны еліне қайтарса, Румыния да бұл бастамаға қосылатынын жариялады. Македония мен Венгрия да бір-бір ресейлік елшілік қызметкерді өз елдерінен аластатпақ.Балқандағы Албания РФ елшілігінде жұмыс жасайтын Владислав ФИЛИПОВ пен бірінші хатшы Алексей БАЛАШОВТЫ үйлеріне қайтару туралы шешім қабылдапты. Ресми Париж төрт ресейлік елшіні шекарасынан шығарып жібермек. Данияның сыртқы істер министрі Андрес САМУЭЛЬСЕН екі орыс дипқызметкерді Ресейіне қайтарады.Ресми Рим мен Амстредам да екіден елшілік қызметкерлерді қуалап жібермек. Чехияның премьер-министрі Андрей БАБИШ facebook.com жеке парақшасына Прагадан ресейлік дипломанттарды қуатыны туралы жазды. Финляндия да Солсберидегі химиялық шабуыл үшін бір орыс дипломатын шекара асыратынын айтты.Еуро кеңестің президенті  Дональд ТУСКТІҢ хабарлауынша, Лондонды іс жүзінде он тқрт мемлекет қолдаған. АҚШ президенті Дональд ТРАМП 60 ресейлікті қуып жіберетінін мәлімдеді.  46 дипломат болса,  12 барлау офицерлері. Сонымен қатар, Сиэтлдегі РФ басконсулдығы жабылады.

zhasalash.kz ақпарат 

Фото: russian.rt.com

 
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега