Оқиғалар

Пойыз ішіндегі дәретхана жарылып, үстіне нәжіс шашыраған жолаушыға 3 млн теңге өтемақы төленеді

«Астана–Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызында болған оқиғаға байланысты сот жәбірленуші әйелдің пайдасына шешім шығарды.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсірген

Оқиға биыл наурыз айында сапар барысында тіркелген.

Жолаушының айтуынша, вагондағы дәретхана жүйесі істен шығып, санитарлық қалдықтар оның үстіне шашыраған. Салдарынан әйелдің киімі мен жеке заттары бүлініп, моральдық зиян келген.

Іс Астана сотында қаралып, жолаушының талабы қанағаттандырылды. Сот тасымалдаушы компанияны жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

 

Сайт Әкімшілігі