Саясат

Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жүгінуге болатын YouTube-канал ашылды

ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауынажүгінуге болатын YouTube-канал ашылды.

Jasalash.kz
Арнаны елімізге белгілі заңгер АбзалҚұспан таныстырды.

«Бұл жобаның идеясы қайданшықты? Биылғы тамыз айында ҚР Президенті жанынан Аида Балаеваның жетекшілікетуімен ҚР Жоғарғы сотының, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің,басқа да ведомстволардың қатысуымен азаматтарды қабылдау қоғамдық комиссиясықұрылған болатын. Бұл қоғамдық комиссияға азаматтар Республиканыңтүкпір-түкпірінен өз арыз-шағымын айтып келеді. Нақты жеке қабылдау барысындаолардың проблемалары аталған тұлғалар мен облыс әкімдері, өңір басшыларыныңселекторлық кеңесі арқылы шешіліп отырады», — деді заңгер комиссияның YouTubeарнасында. Абзал Құспан қоғамдық комиссияға кіру туралы Президент Әкімшілігінентүскен ұсынысты қабылдағанын айтады. «Өйткені, заңдық-құқықтық мәселелеркейінге қалдыруды, жүйенің немесе саясаттың өзгеруі сияқты себептерді күтіптұра алмайды. Олар нақты осы жерде, осы сәтте шешілуі тиіс. Комиссия құрамынаПрезидент Әкімшілігінің арнайы шақыруымен ҚР Адвокаттар қауымдастығы атынанқатысып отырмын. Жиын барысында әр азаматтың мәселесі жеке талданып,талқыланып, проблемалардың мейілінше оң шешілуіне жағдай бар. Әр азаматтыңжағдайы әртүрлі болғанымен мәселелері ортақ. Оны шешу жолдары ортақ. Өзімніңзаңгерлік көмегімді беріп отыру керек деп шештім. Аида Ғалымқызыныңбасшылығымен болатын осы комиссия ешкімді алаламай, бөліп-жармай, әр азаматтыңмұң-зарын тыңдап, мәселелерді шешеді», — деді ол.Әр азамат өз мұң-мұқтажын,мәселесін осы YouTube арнада қалдырса болады. Ол үшін астына пікір қалдырукерек. Арнада Абзал Құспанның WhatsApp нөмірі де көрсетілген.

Дереккөз: www.inform.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега