Президент кортежі жұрт қатарлы бағдаршамға тоқтайды
Украина президентісайлау кезінде уәде еткеніндей немесе «Слуга народа» көпсериалы фильміндегідейжұмысқа велосипедпен келіп жүрген жоқ.
Дегенмен, оның кортежі жол жөнекейешкімге кедергі келтірмейді, ешқандай жолды жапқызбайды.
Ria.ruсайтының жазуынша, Владимир Зеленский Украина президенті кортежінің 2немесе 3 көліктен тұратынын айтқан. Және ел ішінде оны «уәдесінде тұрмады» депсынайтындарға қатысты жауап берген.
«Соңғы кездеріәлеуметтік желілерде менің кортежден бас тарту туралы уәдемде тұрмағаным жайлысыни пікірлер айтылып жүр. Бәріңізге айтам, ары-бері жүрген кезде Украинапрезиендті кортежінде екі автомобиль болады: президенттікі және күзеттіңавтомобилі. Кейде үшіншісі де болады – алып жүретін адамдар, команда мүшелері,күзет. Бұл көліктер барлық бағдаршамдарға тоқтайды, кептелісте тұрады, ешкім «мигалкасын»да, басқасын да қоспайды. Президент те өзгелер сияқты жол қозғалысының бірмүшесі ғой», — деді Зеленский.
Тағы бір айтакетерлігі, ел президенті елде жолдың жабылуына немқұрайлы қарамауға тырысады.Өйткені, жақында ғана Киев аудандарының біріндегі жол жабылуының себебін Facebookпарақшасында былай деп түсіндірді:
«Он бірінші шілдекүні Киевке Молдаваның премьер-министрі Майя Санду келді. Жоғарғы дәрежелішетелдік қонақты дипломатиялық протокол мен Украинаның халықаралық міндеттемелерінесәйкес арнайы алып жүрді. Осыған орай маршрут бойынша жолдар уақытша жабылды».
Фото: allods.net