Әлеумет

Кейінгі жылдарды Еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін реттейтін қаулыға жақын арада өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ұлттық рәміздердің беделін нығайту мемлекеттік маңызы бар міндет екенін атап өтті.

«Ұлттық рәміздердің абыройын арттыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Жақын арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін реттейтін қаулыға түзетулер енгізеді», - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы әрі мемлекетке деген құрметтің көрінісі. Сондай-ақ Президент патриотизм ел қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

«Ұлттық рәміздерімізді қастерлеу – бәрімізге ортақ міндет. Бұл, түптеп келгенде, мемлекетке деген құрметтің айқын белгісі», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің мәлімдеуінше, алдағы өзгерістер мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы мәртебесін көтеруге және оларды пайдалану тәртібін жетілдіруге бағытталмақ.

Сайт Әкімшілігі