Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемел­ұлы,Сіздің Президент ретіндегі алғаш­қы сұхбатыңыз былтыр «Egemen Qazaqstan»газетінде жарияланған еді.

Jasalash.kz

Ең алды­мен, қазіргідей күрделі кезеңде ой-тол­ғамдарыңыздытағы да біздің га­­зе­тіміз арқылы оқырманға жеткі­зуге келісім бергеніңіз үшіналғыс білді­реміз.

– «Егемен»– елдің үні, ұлттың мінбері. Қазақ тарихының жүз жылдық жылнамасы. Сондықтанбас басылым арқылы ел-жұртпен тілдесудің маңызы зор.

 –Ендеше, сұхбатты бастайық. Өткен аптада коронавирус індетіне қатысты мәлімдемежариялап, жұрт­шылықты толғандырған көптеген мәселені ашық айттыңыз. Осығандейін де телевизия арқылы үндеу және мәлімдеме жасаған болатынсыз. Жалпы,еліміздің қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз? Бұдан кейінгі бағыт-бағдарымызқандай болмақ?

– Пандемия бүкіл әлемнің қалыптытіршілігіне айтарлықтай әсер етті. Індеттің салдарынан дүние жүзіндеэкономикалық белсенділік күрт төмендегенін көріп отырсыздар. Шикізат бағасыныңқұлдырауы экономикалық жағдайды қиындататыны анық. Халықаралық валюта қорыныңпайымдауынша, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім едәуір төмендейді. Әрине, мұндай дағдарыстанкейін экономиканы қалпына келтіру оңайға түспейді. Шұғыл әрекет етпесе, әлемдікрецессия күрделене бермек. Сондықтан шамасы жететін елдер өз азаматтарынақолдау көрсету үшін нақты жұмыстар жүргізуде.

БізҚазақстанда төтенше жағдайды дер кезінде жарияладық. Осындай шаралардыңарқасында вирустың жаппай таралуына жол бермей, қоғамдағы тұрақтылықты сақтапотырмыз. Дағдарысқа қарсы шаралар үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенінбілесіздер. Ең алдымен, жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге мөлшерінде төлемжасауды ұйғардық. Жалпы, 4,2 миллион адам бұл көмекті алды. Оны екінші айда дажалғастырамыз. Бұдан бөлек, 1 миллиондай мұқтаж жан  азық-түлікпен жәнеқажетті заттармен қамтамасыз етілетін болды.

Осындайкүрделі кезеңде халыққа көмек көрсетілмесе, мемлекеттілігімізге сын емес пе?!Әрине, ақша таратып берумен ахуал түзелмейді. Дағдарыс жағдайында кешенді әріжүйелі шаралар ұйымдастырған абзал. Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастырукерек. Сондықтан 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Әр өңірде инфрақұрылымдықжәне инженерлік жобалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары бар. Міне,жұмыссыз қалғандарды солар­дың құрылысына, жөндеу жұмыстарына жұ­мылдырудамыз.

Уақытшақиындыққа тап болған 1,6 миллион кәсіпкердің несиесін қайтару мерзімі кейінге шегерілді.Мұндай шара іскер азаматтарды қолдау үшін қажет. Сондай-ақ «Қарапайым заттарэко­но­микасы» бағдарламасының қаржысы 1 триллион теңгеге дейін көбей­тілді.Бұл қаражат жаңа жобаларды қай­та қаржыландыруға, жеңілдік шарт­тары­мен несиеберуге жұмсалады. Кәсіп­кер­лер үшін салықтар мен басқа да міндет­ті төлемдермерзімі ұзартылды. Зардап шеккен шағын және орта бизнес өкіл­дері еңбекақытөлеу қорының міндетті төлемінен алты айға босатылды.

Ерекшеатап өтер жайт, карантин ке­зін­де азаматтарымыз оқшаулануға тез бейім­делді.Көптеген кәсіпорын мен меке­ме қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірді.Қоғамның жаңа үрдіс­терге дайын екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Жалпы,Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын. Елбасы бұл мәселе жөніндеҚауіпсіздік кеңесінің отырысында нақты атап көрсетті. Кез келген дағдарыс тыңбастамаларды туын­датады. Әрине, осы кезеңнен сабақ алып, осал тұстарымыздыжетілдіруіміз керек. Егер індет өршіп кетпесе, 11 ма­мырда төтенше жағдайрежімі аяқ­та­лады.

– Мәлімдемеңізде айтылғандай, қазіргіахуал бүкіл әлемге оңай тиіп отырған жоқ. Қысылтаяң кезеңде доллар бағамы өсіп,төл теңгеміз құнсыздана түсті. Пандемиядан кейін теңгенің бағамы тұрақтанып,қалпына келуі мүмкін бе?

– Басқаелдердің валюталарымен қатар біздің теңгеміздің де құны кеміп кеткені рас.Осыған орай, Үкімет пен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шараларқабылдады. Мен квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бірбөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырдым. Сондай-ақ олар шетел валютасындағы депозиттерінеліміздің қаржы жүйесіне қайтаруда. Бұл қа­ражат нақты жобаларға жұмсалады. Осыжәне басқа да шаралар доллар тап­шы­­лығын болдырмау үшін жасалып отыр.

Әрине,нарықтық экономика жағ­дайында мұндай мәселені реттеу оңайға соқпайды. Оныңүстіне, еліміздегі шетел валютасының басым бөлігі шикізатты сатудан түсетініжасырын емес. Ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанады. Бірақ бұған сыртқыфакторлар әсер етпей қоймайды. Теңгенің долларға қатысты бағамы валютанарығындағы сұраныс пен ұсынымның азды-көптігіне қарай түзелетіні белгілі.Сондықтан құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолынкесетін болады. Алдағы уақытта Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатынұстанып, Үкіметпен бірлескен жұмысын жалғастыра береді.

– Сіз бұған дейін мұндай кезеңде екіншідеңгейдегі банктердің жауап­­­кер­шілік таныту қажеттігін айт­т­ы­ңыз. Бұлқұрылымдар, көбіне, дағ­да­­рыс кезеңінде қолдау бола ма деп мем­­лекеткежүгінетіні жасырын емес. Жал­­пы, осы дұрыс па? Төтенше жағ­дай­ға байланыстысол банктер ха­лық­­қа қандай көмек көрсете алады?

– Банкжүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуінемемлекет те, бизнес өкіл­дері де, қарапайым салымшылар да мүд­делі. Сондықтанбанктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлт­тық экономиканыкөтермелеудің бір жолы.

Қазірбанктердің үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Депозиттерге кепілдікберетін қор да тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ахуалды Ұлттық банк ба­қылап отыр.Сондықтан салымшы­лардың қара­жа­тына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ.

Төтеншежағдай кезінде екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалдыңтұрақтануына өз үлесін қосты деп айта аламыз. Ең алдымен, банктер кәсіпкерлергежәне азаматтарға берген несиені қайтару мерзімін кейінге ауыстырды. Нақтыайтқанда, несие төлемдері 3 айға шегерілді. Табысынан айырылғандарға мұндайкөмек қажет. Бірақ жұртшылық арасында несиені мүлдем қайтармаймыз деген түсінікқалыптаспауы керек. Бұл – жаңсақ пікір.     

Сондай-ақҮкіметтің қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие берубағдарламасы әзірленді. Егер банктер кәсіпкерлерге, азаматтарға несие берудітоқтатса, экономиканың көптеген саласы тұралап қалады. Біз бұған жолбермейміз.  

Меніңтапсырмам бойынша Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіқаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қосымша шаралар қарастыруда.

– Жағдай одан әрі күрделене берсе,бюджетіміз бұл ауыртпалықты көтере ала ма? Алдағы уақытта ел бюджетіне тағы даөзгерістер енгізілуі мүмкін бе?

– Дағдарысжағдайында, көбіне, бюджеттің кірісі мен шығысын реттеу қажеттілігі туындайды.Үкімет дағдарыс кезеңінде бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібін бекітті.Коронавируспен күре­су үшін қомақты қаржы бөлінгенін біле­сіздер. Елазаматтарына қолдау көрсету, экономикалық белсенділікті арттыру шараларықосымша қаржыны талап етеді.      

Ескертекететін бір жайт, бюджет қар­жысына қымбат көлік пен жиһаз алын­байды. Ауқымдыжиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылды. Кейбір инвес­тициялық жобаларкейінге қалды­рылды. Үнемделген қаражат экономи­каның тұрақты дамуын жәнетөтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге жұм­салуда. Сондай-ақ халықтың тұрмыссапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылып жатыр.

– Экономикамыздың бір тірегі – ауылшаруашылығы. Қазіргідей сын сағатта бұл салаға айтарлықтай қолдау көрсетілуде.Әсіресе егіс науқанына кіріскен шаруаларға нақты жеңілдік беріледі. Ал ендіауыл халқының тұрмыс-тіршілігін түзеуге арналған жоспарлар бар ма?

– Дұрысайтасыз, еліміз үшін ауыл шаруашылығының маңызы зор. Дәл қазіргі басты міндет –егіс науқанын ойдағыдай өткізу. Қазақ «Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді.Кез келген қауіп-қатерге қарамастан бұл жұмысты уақтылы жүргізу керек.

Мәлімдемедеайтылғандай, биыл көктемгі егіс науқанына және өнімді алдын ала сатып алуға 200миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқышсатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар шағын және орта шаруа қожалықтарыжанармайды арзан бағамен алады. Осыған орай 390 мың тонна дизель отыныжеңілдікпен сатылуда. Мұның бәрі мол өнім алуға септігін тигізеді деп сенемін.

 Қазірхалықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – негізгі мәселенің бірі. Мен мұныҮкіметке де, әкімдерге де тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Жалпы, еліміздеазық-түлік жеткілікті. Алдағы кезеңде бағаны қымбаттатпай, елді дүрліктірмей,жұмысты дұрыс жүргізген жөн.

Ең маңыздымәселе – ауылдағы жас­тарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету.Әйтпесе бақылаусыз миграция мен урбанизацияға ұшырап, соның салдарынан күрделіәлеуметтік және саяси мәселелерді шешуімізге тура келуі мүмкін. Міне, бізосындай қиыншылықтарды көре бастадық. Әсіресе бұл ірі қалаларда байқалуда. Осымәселелер мемлекеттік органдардың ұдайы назарында болуы керек.

– Карантинге байланысты оқу үдерісіөзгерді. Оқу жылының әдет­тегі­ден өзгеше аяқталатыны жұртты алаң­датып отыр.Осы мәселенің шешімі қандай болмақ?

– Биылғы 6сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқытыла бас­тады. Індеттің таралуынажол бермеу үшін осындай қадамға бардық. Екінші жағынан, бұл – заман талабы.

Интернетжылдамдығы әртүрлі болғандықтан, қашықтан оқытудың бірнеше жолы ұсынылды. Атапайтқанда, телесабақ, интернет-платформадағы сабақ ұйымдастырылды. Интернетбайланысы жоқ 57 елді мекенде тұратын оқушылар пошта қызметі арқылы оқуүдерісін жалғастырып отыр. Жергілікті атқарушы органдар мұғалімдер меноқушыларды компьютермен, мобильді интернетпен қамтамасыз етуде. Үкімет қорынанбайланыстың мүмкіндіктерін арттыру үшін қаражат қарастырылды. Осыныңнәтижесінде қашықтан оқыту қазір қалыпқа түсті.

Жалпы, соңғыжылдарда қашықтан оқыту тәсілі жаһандық үрдіс ретінде қалыптасты. Әлемніңкөптеген жоғары оқу орындары бұл әдісті кеңінен қолданып келеді. Мұныңартықшылығы да, кемшін тұстары да бар. Әсіресе қазіргідей карантин жағдайындабұған балама жоқ. Сондықтан алдағы уақытта оны жетілдіре түскенжөн.         

Биылғы оқужылы ойдағыдай аяқта­лады деп ойлаймын. Оқу үлгерімін баға­лауға қатысты ешқиындық туын­дамауы тиіс. Әрине оқушылардың өз мұға­лімдерімен жәнеқұрбыларымен жүздесіп, әдеттегідей сабақ оқығанына не жетсін. Бұл – уақытшақиындық. Бұған түсіністікпен қарап, шәкірттеріне қашық­тан білім беріп жатқанұстаздар қауымына ризашылық білдіремін.

– Пандемияға қарсы күрестің алғы шебіндежүрген дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетіп келесіз. Осы мәлім­демеңізде деоларға шынайы жана­шырлық таныттыңыз. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін не істеукерек?

– Баршажұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер менмедицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңызызор. Билік тарапынан барынша жағдай жасалуда.

Өкінішкеқарай індетпен күрес барысында медицина жүйесінің осал жақтары да анықталды.Сақтық шараларына қарамастан, көптеген медицина қызметкері вирус жұқтырып алды.Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, осындай қиындыққа тап болдық. Бұл жағ­дайтікелей бақылауымда. Нақты тапсыр­малар берілді. Індетпен күресуге атса­лыс­қандәрігерлерге тиісті үстемеақы төле­нуде.

Қазіргіуақытта медицина қызметкер­лерінің мәртебесін арттыру өзекті мәселеге айналды.Дәрігерлерге берілетін әлеуметтік кепілдік аясын кеңейтіп, ынталандыру жүйесінжетілдіру қажет. Пандемия денсаулық сақшыларына қолдау көрсетудің аса маңыздыекенін аңғартты. Біз тәуелсіздік алғалы бері бұл салаға мән беріп келеміз.Дегенмен әлі де атқаратын жұмыстар аз емес.

Коронавирусіндеті медицина ғылымын дамытудың да өзекті екенін көрсетіп берді. Қазір бүкіләлем осы салаға ерекше назар аударып, жұқпалы аурулармен күресті күшейтуде. Бұл– заңды құбылыс. Алдағы уақытта елімізде медициналық-биологиялық зерттеулергеерекше көңіл бөлінеді. Өйткені айбынды әскермен бірге мықты медицина да –мемлекеттің негізгі қалқаны. Бұдан былай оның өзектілігі арта түсетіні сөзсіз.

ЖақындаНұр-Сұлтан қаласында мо­дульдік жұқпалы аурулар ауруха­насы ашылды. Оның небәріекі апта ішінде салынғанын білесіздер. Ауруха­на халықаралық талаптарға сайжабдық­талған. Оны арнайы барып аралап көр­дім. Сонымен қатар ғалымдарымыздиагнос­тикалық тест жүйесін әзірлеп шықты. Міне, осындай нақты жұмыстар саланыжетілдіре түсетіні сөзсіз. Денсаулық сақ­тау министрлігі алдағы уақытта да меди­ци­налыққызмет сапасын арттыру үшін ау­қымды әрі жүйелі жұмыс жүргізуі керек.

– Әл-Фараби мен Абай мерейтойларыаясында көптеген іс-шара жоспарланғаны белгілі. Енді осы жобаларды орындаутәртібіне өзгеріс енгізіле ме?

– Ұлылардыұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абаймұрасын зерделеу ар­қылы қазақ даласындағы өркениеттің та­мыры терең екенінкөрсетеміз. Сон­дық­­тан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын.

Абайөзінің «толық адам» тұжы­ры­мын мирас етсе, Әл-Фараби «бақытқа жету жолындағықайырымды қоғам» қағидасын өсиет етіп қалдырды. Ұлы ой­шылдардың әділдік пенізгілік жөніндегі ұстанымы баршаға белгілі. Менің «Ха­лық үніне құлақ асатынмемлекет» атты тұжырымдамам осы қағидалармен үндеседі.

Мерейтойлараясында мемлекеттік және өңірлік жоспарлар жасалды. Бүгінге дейін кейбіржобаларды жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі ахуалға байланысты түрлі мерейтойлықшаралар онлайн форматында өткізілуде. Бұл жобалар әлеуметтік желілер менинтернет-ресурс­тарда да кеңінен насихатталады.

– Сіз сыртқы саясаттың қыр-сырын жетікбілесіз. Көп жыл дипломатиялық қызметте болдыңыз. Қазіргі заманда ұлттықмүддеге берік болу үшін сыртқы саясатымызды қалай жүргізуіміз керек? Жалпы,пандемиядан кейін халықаралық қатынастар қалай өрістейді?

– Бүгіндебүкіл әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл, әсіресе осы пандемияданкейін анық байқалады деп ойлаймын. Осындай сын сағатта әр мемлекет, ең алдымен,өз азаматтарының қауіпсіздігін ойлайды. Бұл – заңды нәрсе. Бірақ мұндай күрделікезең халық­аралық ынтымақтастыққа сызат түсір­меуі керек. Соңғы апталарда менбірқа­тар елдердің және халықаралық ұйым­дардың басшыларымен телефон ар­қылысөйлестім. Түркітілдес мемлекет­тердің ынтымақтастық кеңесінің бейнесаммитінежәне Жоғары еуразия­лық экономикалық кеңес мүшелерінің онлайн форматындағыжұмыс кездесуіне қатыстым.

Қазірпандемиямен күрес жүргі­зу бағытындағы халықаралық ынтымақ­тас­тықты күшейтуқажет. Осыған орай біз серіктес елдермен бірге күш жұмыл­дырып отырмыз. Бұл –індетке қарсы тұрудың негізгі жолы. Жалпы, сыртқы саясатымыздың сабақтастығысақтала­тын болады. Өзіміздің дәстүрлі және жаңа серіктестерімізбен өзаратиімді қарым-қатынастарды дамыта береміз.

Соныменқатар кез келген мемле­кет үшін басқа елдерден инвестиция тартудың маңызы зор.Сондықтан біз де сыртқы саясатта экономикалық дипломатияға баса мән береміз.Бұл – Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған стратегиясындағы басым бағыттың бірі.Алдағы кезеңде де солай болып қала береді. Сыртқы саясат сөз жүзінде емес, ісжүзінде сындарлы болуға тиіс. Дипломатия саласы да індеттің салдарынан сабақалғаны жөн.

– Президент қызметіне кіріс­кені­ңізгебір жылдан асты. Осы уақыт аралығында бірқатар мақсат-мін­детті алға қойдыңыз.Жалпы, өз бастамаларыңыздың орындалу барысына көңіліңіз тола ма?

– Қазақта«Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөз бар. Осы орайдамемлекеттілікті нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін маңыздыбастамалар қолға алынды.

Еңалдымен, қоғамның береке-бірлігі бекем болуы керек. Бұған билік пен халықарасында тұрақты диалог орнату арқылы қол жеткізуге болады. Осыған орай Ұлттыққоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық сананыжаңғыртуға арналған ауқымды шаралар ұйымдастыру, өзекті мәсе­лелерді талқылап,тиімді ұсыныстар әзір­леу. Бүгінге дейін кеңестің екі отырысы өткізілді. Саяси,экономикалық және әлеу­меттік жаңғыру бағыттары бойынша көп­теген ұсынысжасалды. Қоғамды алаң­датқан түрлі мәселелер қызу талқыға түсті.

Заманталабына сай саяси реформалар жүргізілуде. Қазір менің бастамаммен Парламенттебірқатар маңызды заң­на­малық өзгерістер талқылануда. «Бей­біт жиындардыұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы қарас­тырылып жатыр. Бұлеліміздің демократиялық дамуын айқындайтын өте маңызды құжат болатынына күмәнжоқ.

Мәжіліспен мәслихат депутат­тарының сайлауына түсетін саяси партиялар әйелдер менжастар үшін отыз пайыздық квота бөлетін болады. Осыған орай заңға тиістітолықтырулар енгізу қарастырылуда. Сондай-ақ саяси партия­ларды тіркеудіжеңілдету, парламенттік оппозиция институтын қалыптастыру үшін заңнамағамаңызды түзетулер жасалмақ.

Осыөзгерістер саяси үдерістерді одан әрі либерализациялау жолындағы нақты қадамболады деп сенемін.  Жан-жақты саяси реформалар жалғасады. Бұл – біздіңстратегиялық таңдауымыз.

Сондай-ақазаматтардың өтініш-тілектерін жедел қарастыру үшін «Ха­лық үніне құлақ асатынмемлекет» тұжы­рымдамасын ұсындым. Бұл – өте маңызды әрі қажет бастама.Шенеунік­тер­дің міндеті – ең алдымен, халыққа қыз­мет ету. Олар ел-жұрттыңмұң-мұқта­жына құлақ аспағанда кімге құлақ асады?! Осы қағидатты барлықдеңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңірген жөн. Қазірдің өзіндебұл бағытта оң өзгеріс бар.

 Отандықбизнесті дамытуға арналған бірқатар бастама жүзеге асты. Менің тапсырмам бойыншашағын және микро бизнес өкілдері үш жылға табыс салығынан босатылды. Олардыңқызметі алдағы үш жыл бойы тексерілмейді. Сол үшін мораторий жарияланғанынбілесіздер. Қазіргі төтенше жағдай кезінде де кәсіпкерлерге үлкен қолдаукөрсетілуде. Оны жоғарыда атап өттім.  

Елдіалаңдататын өзекті мәселенің бірі баспана екені белгілі. Осы бағытта да ауқымдыжұмыстар атқарылды. Үкімет алдына Елбасы ұсынған «Бақытты отбасы»бағдарламасының аясын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жандандыру міндеті қойылды.Соған сәйкес, биылдан бастап жыл сайын көп балалы және мүгедек балалары бар 10мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.      

Азқамтылған және көп балалы отба­сыларға арналған әлеуметтік көмектің жаңатүрлері енгізілді. Мысалы, көп балалы отбасыларға табысына қарамай жәрдемақыберіле бастады. Жарты миллионнан астам азаматтың 300 мың теңгеге дейінгікепілсіз несиесі өтелді. Бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуғабағытталған. 

Былтыр«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Соған орай алдағы төрт жылдаұстаздардың еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл жұмыс жүйелі түрдежүзеге асырылып келеді. Бюджет саласындағы басқа да қызметкерлердің жалақысыкөбейтілуде.

Менталантты да талапты жастарға сенім артамын. Сол себепті «Президенттік жастаркадрлық резервін» құрып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан 300 жастыіріктеп алдық. Олардың біразы қызметке орналасты. Тиісті мемлекеттік органдарғажастар саясатына арналған жаңа кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырдым.

Осы жылды«Волонтер жылы» деп жарияладым. Бүгінде бұл бастаманың дер кезінде көтерілгенінкөріп отырмыз. Қазіргідей төтенше жағдайда волонтерлер аянбай еңбек етіп жүр.Күрделі кезеңде белсенділік танытқан жігерлі жастарды үлгі тұтуымыз керек.

Жалпы, біржыл ішінде нақты жұмыстар атқарылды. Сондықтан елдің еңсесін көтеретін мұндайшешімдер алдағы уақытта да қабылдана береді.

– Келесі жылы Тәуелсіздігімізге 30 жылтолады. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы орайда жаңа мүмкіндікпенбірге жаңа қауіп-қатердің де туындайтыны жасырын емес. Алдағы уақытта соғантөтеп бе­ріп, елімізді өркендету үшін не нәрсеге баса мән бергеніміз жөн?

– БізЕлбасының салиқалы саяса­тының, халқымыздың ырыс-ынты­ма­ғының арқасындатәуелсіз Қазақстанды құрдық. Осы жылдар ішінде тиімді басқару жүйесіқалыптасты. Егемен елі­міздің іргесін бекемдеу үшін ауқымды жұмыс атқарылды.Өтпелі кезеңдегі бар­лық қиындықты еңсеріп, орнықты даму жолына түстік. Ендігімақсат – осындай табыстарды еселеп, жаңа белестерді бағындыраберу.     

Әйгіліфранцуз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекет қана өз азамат­тарының еркіндігінқамтамасыз ете алады» деген екен. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшінҚазақстанды мық­ты мемлекетке айналдыруымыз керек. Бұл ретте «Күшті Президент –ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет.

Әлемдетүрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келебермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтардыеңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек.

Жаңасын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қор­ғай білгенжөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғам­дағы татулықпен келісімді, береке-бір­лікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді.Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғы­ры, ұрпақтыңғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтыңтөлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қа­уіпсіздіктілімізді қадірлеуден басталады.

Бүгіндецифрлы технологиялар қар­қынды дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласына дендепеніп келеді. Біз осы үрдіске баса мән беріп отырмыз. Бұл – қазіргі заманныңбасты талабы. Мұны коронавирус індетіне байланысты туындаған күрделі кезең анықаңғартты. Менің тапсырмам бойынша Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттікбағдарламасында анықталған кемшіліктерді ескеріп, қайта қарайды. Цифрландыруүдерісі елімізді өркендетуге тың серпін беретіні сөзсіз. Оның мән-маңызы артабермек.    

Еліміздіөркендету үшін ұлттық экономиканы әртараптандыру үдерісін жалғастыра береміз.Осы жолда шағын және орта бизнеске барынша жағдай жасаған абзал. Сонымен қатарадами капиталды одан әрі дамытамыз. Бұл бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруүшін қажет. Осыған орай білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларын да түбегейліжаңғырту міндеті алдымызда тұр.

Тағы бірзор мақсат – елді еңбекке баулу. Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағызеңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуірнұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп,мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз.

Сондықтанеңбекке баулу жастарға тәрбие берудің негізгі бағыты болу керек деп санаймын.Бұл ұлттың болашағына тікелей ықпал етеді. 

– Қасым-Жомарт Кемелұлы, қалыптасқанжағдайға байланысты елді алаңдатқан өзекті сауалдарға жа­уап бердіңіз. Ендісоңғы сұрақ. Сонымен қазіргі күрделі кезеңнен қандай ой түйдіңіз?

– Төтеншежағдай күнделікті өмірі­мізге елеулі өзгеріс енгізді. Жоспар­ланған жұмыстарды,түрлі іс-шараларды кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Осындай кезде, ең алдымен,не нәрсенің аса бағалы екенін түсіндік. Бұл – адамның өмірі, адамиқарым-қатынастар, азаматтардың денсаулығы, қоғамның береке-бірлігі.Бір-бірімізге қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін де аңғардық. Қалғандүниенің бәрін біртіндеп ретке келтіруге болады.

Пандемиякезінде бүкіл қоғамымыз сынға түсті. Көптеген азаматтар қиын сәтте елге қызмететудің озық үлгісін та­ныт­ты. Бұл – парасатты патриотизмнің көрі­­нісі. Кезкелген күрделі кезең адам­ның жігерін жанып, рухын қайрайды. Әлем­­ге жайылғаніндет тұсындағы ахуал хал­­қы­­мызды одан әрі ұйыстыра түсетіні анық.

Осы ретте,ұлы Абайдың «Тоқтау­лылық, қалыпты шыдамдылық – бұл қайраттан шығады, білсеңкерек» деген өлең жолы ойға оралады. Шын мәнінде, табандылық  пентөзімділік танытсақ, қиындыққа төтеп береміз. Еліміз бұл қиын­дықтан ширап әрішыңдалып шы­ғады деп толық сеніммен айта аламын.

Барлыққиындықты бірге жеңеміз!

 

Әңгімелескен

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

«EgemenQazaqstan»

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега