Президент ұсынған қолдау шаралары - ТМД елдері арасында ең көлемді әрі жүйелі дағдарысқа қарсы жоспар - Байбек
«Nur Otan»партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Birgemiz» қоры әуел бастанәлеуметтік әлсіз азаматтарға атаулы көмек көрсетуді бағдарға алғанын айтты.
Бұлжайында ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Пандемияның салдарынан туындаған ауқымдыдағдарыс жағдайында, ең алдымен, қарапайым азаматтар көмекке мұқтаж. БҰҰұсынымдарына сәйкес, бүгінде елдер «қоғамның ең қорғансыз мүшелеріне» нақтықолдау көрсетуге жұмылғаны жөн. Бір жағынан, бұл дағдарысты еңсеруге көмекберсе, екінші жағынан – құлдырап бара жатқан ішкі сұранысты, ұлттықэкономикаларды қолдайды»,-деді Бауыржан Байбек.
Әрі қарайол: «Сондықтан Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтыңбастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры әуел бастан пандемиядан қорғанысы әлсізазаматтарға атаулы көмек көрсетуді бағдарға алды. Осыған байланысты Қор 150мыңнан астам азаматқа 50 мың теңге мөлшерінде тікелей ақшалай көмек көрсетутуралы шешім қабылдады. Бұларнегізінен карантин қиындықтарын көбірек шегіп жатқан 23 ірі қаланың тұрғындары.Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдеріндетабыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтар қамтылған»,-депжазды.
Сондай-ақ, Бауыржан Байбектің айтуынша, Нұр-Сұлтан жәнеАлматы қалаларының 2 мыңнан астам дәрігерлері де 50 мың теңгеден алатын болады.Індет жұқтырғандардың70%-ке жуығы осы қалаларда шоғырланған. Осындай күрделі жағдайда шыбын жандарыншүберекке түйіп, вируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицинақызметкерлеріне атаулы көмек берудің маңызы зор.
«Мұқтаж жандарға осылайша қолдау көрсетіпотыруымыз еліміздің бизнесмен – меценаттарының қайырымдылық көмегінің арқасындамүмкін болып отыр. Қазір кім-кімге де оңай емес. Бизнес қаншалықты ауқымдыболса, оның проблемасы да соншалықты үлкен болмақ. Жұмыс орындарын сақтау,өндіріс процесін тоқтатпау, салық төлеу секілді сансыз міндеттері бар. Соғанқарамастан, олардың көпшілігі Елбасының үндеуіне қолдау білдіріп, азаматтықұстанымдарын көрсетті. Бұл үшін оларға тағы да алғыс айтамын»,-деді Б.Байбек.
Партия төрағасыорынбасаның айтуынша, бұл көмек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасыменқолға алынған ауқымды қолдау шараларына қосымша болып табылады. Коронавирустың қатерін дер кезінде жетебағамдамаған бірқатар елдермен салыстырғанда, Қазақстан вирустың тежеусізтаралуына жол бермей, дер кезінде шектеу шараларын қабылдады.
«Мемлекет басшысының басшылығымен Үкіметпен әкімдер алдын ала белсенді жұмыс жүргізуде. «Мықты Президент – ықпалдыПарламент – есеп беретін Үкімет» формуласы дағдарысты кезеңде өз тиімділігінкөрсетуде. Бүгінде Президент ұсынған қолдау шаралары – ТМД елдері арасында еңкөлемді, жүйелі және ресурспен қамтамасыз етілген дағдарысқа қарсы жоспар болыпотыр. Оны жүзеге асыру үшін бюджеттен және Ұлттық қордан 5,9 трлн. теңгебөлінді»,-дейді ол.
Бұған қоса БауыржанБайбек өз парақшасында былай деп жазды:
– Барлыққолға алынған іс-әрекет, ең алдымен, қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығынқорғауға бағытталған. Бұл — басты басымдық. Мемлекет соңғы 2 жылда азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етубойынша көлемі ұлғайған міндеттемелеріне қарамастан, олардың орындалуынакепілдік береді. Еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы уақтылы және толық көлемдетөленетін болады. Қазіргідей жағдайда мұның өзі оңай шаруа емес.
Қабылданған шаралар кешенді. Олар тек ағымдағы әлеуметтікміндеттерді ғана шешуге бағытталмай, сонымен бірге елдің жаңа жағдайда дамуынанегіз қалайды. Бұл – шағын және орта бизнесті ынталандыру, инфрақұрылымдыдамыту, агроөнеркәсіптік кешенді, жалпы отандық өндірісті қолдау шаралары.
Қазақстан — қазіргі кезеңде өңірдегі елдер ішінде экономиканыңзардап шеккен секторларындағы кәсіпорындар үшін 6 айға салықты және еңбекақықорынан төленетін басқа да төлемдерді алып тастаған бірден-бір ел.
Әсіресе, жұртшылық ұсынылған шаралардың нақтылығын ерекше атапкөрсетуде. Көмек алушылар тізіміне өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бұрынбейресми табыс табушы тұлғаларды қосу 3 миллиондай азаматты қамтуға мүмкіндік берді.Шын мәнінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» дегеніміз, осы.
Осындай күрделі кезеңде мемлекетіміз өзінің толысқандығынкөрсетіп отыр. Мемлекеттік институттар орнықтылығын танытты. Кезінде Елбасықалыптастырған мықты мемлекетті қамтамасыз ететін билік вертикалі мәселелердіжедел шешуге мүмкіндік беруде. Үкіметтің дағдарыстарды еңсеруде басқарушылықтәжірибесі жеткілікті.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өз экономикасын жоспарлы түрдедамытты, инвестициялар тартты, бизнеске қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылымдыбелсенді дамытты. Елбасының стратегиялық көрегендігінің арқасында бүгіндееліміздің Ұлттық қор және алтынвалюта қоры секілді «қауіпсіздік көпшігі» бар.Халықаралық Moody’s рейтингтік агенттігінің бағалауы бойынша, Қазақстан өз жекеқорына сүйене отырып, ағымдағы жағдайдан шығуға қабілетті мемлекеттердің біріболып табылады. Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығымен көлемді әлеуметтікинфрақұрылым қалыптасты. Тек салынған ауруханалар мен емханалардың өзі 1400-денасады. Бұл ретте «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын ерекше атап өткенжөн.
Үздіксіз өзгеріс үстіндегі ахуал жаңа ережелерді талап етуде.Онлайн режимі барған сайын біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда. Дәлосы сәтте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жоспарлы түрде іске асырудың оңтұстары айқын көрінуде. Мемлекеттік аппарат әлеуметтік маңызды мемлекеттікқызмет түрлерін интернетке көшу арқылы өз жұмысын жедел қайта ұйымдастыруда.Қазақстан мектептері мен Жоғары оқу орындары кейбір қиындықтарға қарамастан,онлайн білім беруге көшу үстінде. Осы және басқа да уақытылы жасалған көптегеніс-қимылдар мемлекеттігімізді нығайтып, бүгінде дағдарысқа қарсы тиімді саясатжүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Жұртшылық осынау коронавирус пандемиясынан орын алғандағдарыстың салдары жалпы әлем экономикасы үшін ауыр әрі созылмалы болатынынакөз жеткізді. Осыған орай, экономикамызды қалпына келтіру қазақстандықтарданбарынша ауызбіршілікті, жауапкершілік пен күн сайынғы табанды еңбекті талапетпек. Біз бүгінгі қиындықтар мен сынақтарды осылай ғана еңсереміз!