Саясат

«Президент жарлығымен құрылған кеңес қоғамдық болмайды»

Қазақстанныңбұрынғы премьер-министрі Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН президент жанына құрылған Ұлттыққоғамдық сенім кеңесіне қатысты пікір білдірді.

Jasalash.kz

«Президенттің жарлығымен құрылған кеңес қоғамдық кеңесболып есептелмейді. Ол атқарушы биліктің кеңесі. Бұл бір өзгеріске алып келетінжол емес. Халықты алдау әрекеті. Бірақ қазір елдің көзі ашық. Оларды алдаумүмкін емес. Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫМЕН әріптес болып бір кабинетте еңбек еттік.Ол кісінің жеке басына айтар сөзім жоқ. 30 жыл Назарбаевтың қасында жүрген саясижүгі. Назарбаев биліктен кеттім дегені болмаса, өз орнында. Біресеминистрлерді, біресе тағы бір шенеунікті шақырып алады. Қысқасы, биліктіқызғанады. Назарбаев толық биліктен кетпей елде ешқандай өзгеріс болмайды», — дедішетелдегі оппозициялық саясаткер Политонғаберген сұхбатында.

Бұлжаңа кеңес 2019 жылдың 12 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢжарлығымен құрылған еді. Кеңесті президент Тоқаевтың өзі басқарады. Және кеңестегіұсынысты Тоқаев өзі қарайтын болады. Кеңес құрамына президент әкімшілігініңтөрағасы Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, президент кеңесшісі Ерлан ҚАРИН, депутаттарБекболат ТІЛЕУХАН, Дания ЕСПАЕВА және саясаттанушылар Айдос САРЫМ, Расул ЖҰМАЛЫкірген. Мүшелердің толық саны 44 адам.

Фото: arasha.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега