Без Категории

Президенттің баспасөз хатшысы даулы жарлыққа түсінік берді

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін елдегі кейбір ақпараттық сайттарда жарияланған жарлығына түсінік берді.

Jasalash.kz

21 қазан күні Қазақстандағы қайсыбір сайттарда президенттің "кейбір актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"жарлығы жарияланып, соңынан алынып тасталды. Президент Тоқаев биылғы 9 қазанда қол қойған жарлық сол күннен бастап күшіне енген. Жарлыққа сәйкес президенттің елдегі кейбір министрлер мен облыс әкімдерін бұрынғы президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қуаттауымен тағайындайтыны айтылған. Президенттіктен кетер алдында Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құзіретіне ие болған Назарбаев келісімімен тағайындалатын лауазымның қатарында бас прокурор, ҰҚК төрағасы, ұлттық банк төрағасы, кейбір министрлер, облыс әкімдері, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімі, президентке бағынатын және есеп беретін орган басшылары бар.

Осы жарлық жайлы әлеуметтік желіде түсінік берген президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, жарлыққа былтыр қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес қол қойылған. Лауазымды тұлғаларды тағайындаудағы келісім тәртібі президенттің барлық кадрлық мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді деп түсіндіреді президенттің баспасөз хатшысы.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c = 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState = «uninitialized» || d.readyState = «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Қазақстанды 30 жылдай басқарып, биыл президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың шілде айында қабылданып, өзі қол қойған Қауіпсіздік кеңесі туралы заңның негізінде осы кеңесті өмір бойы басқару құқығына ие болған. Бұл заң сол кезде Конституциялық кеңесте де қаралып, "заңға сәйкес" деп танылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президент сайлауында ресми мәлімет бойынша 70 пайыздан астам дауыспен президент болып сайланған. Бірақ соңғы кезде Қазақстан қоғамында "қос билік" туралы айтыла бастаған. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев таяуда "Хабар" ресми телеарнасына берген сұхбатында осы туралы сұраққа да жауап берген. "Мұндай өсекті Қазақстанда тұрақтылық болғанын қалмайтындар айтады. Біздің қашқындар, отанын сатқандар халықтың тыныштығын бұзғысы келеді. Қос билік бар деуге ешқандай негіз жоқ" деген Назарбаев. Ол осы сұхбатында президент Тоқаевтың өзімен ақылдасатынын, ондайда "өз тәжірибесінен кеңес беретінін" айтқан.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега