Путин 12 сәуірдің соңына дейін Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады
Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылғы 11 сәуір кешінен 12 сәуірдің соңына дейін Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады.
Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, әскери әрекеттер 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-ден бастап 12 сәуір күнінің соңына дейін тоқтатылуы тиіс. Ресей әскеріне барлық бағыттарда оқ атуды тоқтату бұйырылғанымен, ықтимал арандатуларға және жауап әрекеттеріне дайын болу тапсырылған.
Кремль Украина тарапы да осы қадамға қосылады деп үміт білдірді.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде айна-қатесіз жауап беруге дайын екенін растады. Ол бұған дейін Украина Пасха мерекесі кезінде атысты тоқтатуды ұсынғанын айтып, Ресей шынымен соққыларды тоқтатса, Украина да соған сәйкес әрекет ететінін мәлімдеді.
Associated Press агенттігінің дерегінше, сөз шамамен 32 сағаттық бітім туралы болып отыр. Бұл бастама жалғасып жатқан әскери қақтығыстар мен бұған дейін нәтижесіз аяқталған уақытша бітім әрекеттері аясында жарияланған.
Айта кетейік, мұндай Пасха бітімі 2025 жылы да жарияланған еді. Ол кезде Мәскеу әскери әрекеттерді уақытша тоқтататынын мәлімдеген, ал Киев бұл бастаманы қолдап, тіпті оны ұзартуды ұсынған. Алайда келесі күні-ақ екі тарап бір-бірін бітім режимін бірнеше рет бұзды деп айыптаған.