Путин мен Си Цзиньпин қандай құжатқа қол қойды?
Қытай астанасы Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөздері аяқталды.
Кездесу қорытындысында екі ел жан-жақты стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдап, 2001 жылы жасалған тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың мерзімін ұзартты. Сондай-ақ тараптар көпполярлы әлем құру жөніндегі декларацияны бекітіп, үкіметаралық, ведомствоаралық және корпоративтік деңгейде 40-қа жуық құжатқа қол қойды.
Владимир Путин Ресей мен Қытайдың тәуелсіз сыртқы саясат ұстанып, халықаралық аренада тұрақтандырушы рөл атқаратынын айтты. Ал Си Цзиньпин келіссөздерді мазмұнды әрі нәтижелі деп бағалап, екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа кезеңге өткенін мәлімдеді.
Кездесу барысында білім саласындағы өзара жылдарды бастау туралы шешім қабылданып, визасыз режимді жалғастыруға уағдаластық жасалды.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Ресей мен Қытай арасындағы туристік сапарлар саны 3 миллионнан асқан.